Ғылым-білім - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Ғылым-білім

Оңтүстік Қазақстан облысында археологтар екі жарым мың жыл бұрынғы адамдардың қонысын анықтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр. Табылған жәдігер тарихта ең аз зерттелген Қаңлы мәдениетіне қарасты дейді олар. Мұнда темір орақтан бастап, 25 ғасыр бұрынғы адамдардың қолданған ыдыстары мен қаруларына дейін көруге болады. Енді осы бұйымдар арқылы Қаңлы мемлекетінің тарихын анағұрлым түсінуге мүмкіндік пайда болды.

Қазақ тарихындағы ең құнды жәдігерлердің бірі саналатын «Алтын адам» Қазақстанның барлық қалаларын араламақ. Айтулы шараны ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр.

Ғалымдардың халықаралық тобы Қытай астанасы Бейжіңнің жер астына шөгіп бара жатқанын анықтады. Жерасты суларын тым көп пайдаланудың және пайдалы қазбаны шамадан артын игерудің салдарынан қала жыл сайын 11 сантиметрге шөгіп келеді екен. Зерттеу жұмыстарының қорытындасы Remote Sensing журналында жарияланды.

Германиядағы Майнц университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің бірнеше түріне арналған әмбебап вакцина ойлап тапты. Препараттың басты ерекшелігі - оның құрамындағы РНҚ нанобөлшектері. Олар иммунды жасушаларға барып, ағзаның қорғаныс жүйесін іске қосады, тиісінше қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады. Бұл ғылыми жаңалық күні кеше Nature журналында жарияланды.

Шығыс Қазақстанның 5 көне ескерткішінде еліміздің танымал ғалымдарының жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қазіргі таңда тарихи жерлерді тонопланмен түсіріп, аэрофото түсірілім жасауда.

Грек археологы Константинос Сисманидис Солоники қаласында өтіп жатқан ғылыми конференция барысында әйгілі ғалым Аристотельдің моласын тапқандығын мәлімдеді. Бұл туралы The New York Times басылымы жазып отыр.

Алтын адам сүйегінің қалдықтары Данияға жіберілді. Онда жергілікті ғалымдар сараптама жүргізіп, сақ жауынгерінің жынысын анықтамақ. Бұл туралы "Есік" музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

Бүгін ҚХА-ның XXIV сессиясына қатысып, елде болып жатқан жағдайларға қатысты сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласындағы реформаларға да ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, мектептегі бірқатар пәнді біріктіру қажет деп жазады Baq.kz.

«Қилы-қилы заман болар,
Қарағай басын шортан шалар»

Асан қайғы

Судағы балық қарағай басын қалай шалмақ? Демек, бабамыз осы екі-ақ ауыз сөзбен дүниенің астан-кестеңін шығаратын аласапыранның туатынын меңзеп отыр ғой? Әрине, ақырзаманның қашан болатыны бір Аллаға ғана аян. Бірақ кейінгі кездері осы «ақырзаман» туралы ақпарат тарату – еріккеннің ермегіне айналғандай. Олар жұртқа үрей таратып, содан ләззат алатындай. Әсіресе, 2012 жылдың 21 желтоқсанындағы «ақырзаман» ешкімнің есінен шыға қоймас. Алайда бүгінгі жағдайды бажайлап, ғаламшардың экологиялық жағдайына талдау жасау ар­тықтық етпес.

Менделеевтің периодтық кестесі жаңа 4 химиялық элементпен толықты. 113, 115, 117 және 118 атомдық номерлері бар элементтерді Теоретикалық және қолданбалы химия халықаралық одағы (IUPAC) ресми түрде тіркеуге алды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші