«...Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес» - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

«...Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес»

15.09.2014, 15:56
Сурет: aynaline.kz Сурет: aynaline.kz

Жүрсін Ерман да Бекболат Тілеухан да қазақтың маңдайына біткен бақ. Екеуі де ұлттың аяулы ұлы. Екеуі де текті адам. Ұрпақ тараса екеуінен тарасын. Бірақ, бір нәрсеге ішім ашиды. Неге Бекболат аға айтыстың шылбырын қолына алғысы келді? Жүрсін Ерман екі тізгінін тең ұстап келе жатыр еді ғой. Бекеңсіз де айтыс айтыс еді. Айтыс онсыз да асқақтап тұрған. Онсыз да айтыс өлмейтін еді. Өйткені Жүкең тірі ғой. Бұл жерде басы ашық нәрсе бар. Бекболат ағанікі өнерге жаны ашу емес. Егер шынымен өнер үшін, өнерге жаны ашығандығы үшін еңбектенгісі келсе, өзінің тербетілген бесігі - дәстүрлі ән өнері бар емес пе? Сол дәстүрлі ән қазір бейшара күйде. Соны неге жандандырмайды? Ол Бекеңнің қолынан келетін еді ғой. Бұл жерде Бекеңе идеология керек сияқты. Кешегі Ақанның «Балқадишасын» бір әншінің балбыратып орындағанынан қазаққа келер пайда аз. Ал айтыста жаңа сөз, жаңа ой айтылады емес пе? Мен бұл жерде ештеңе айтқым келген жоқ. Тек Жүрсін Ерманды жетімсіретпейікші. Ол айтыс үшін туылған адам. Енді қанша өмірі қалды дейсіңіз, 50-ақ жыл өмірі қалды. Сол елу жылында оны айтысынан айырмайық. Ал Бекболат ағамның домбырасы бар емес пе?!

Бейбіт САРЫБАЙ,

ақын.

Пікір  

+ +1 Алдаш 15.09.2014 18:36
Бейбіт шырағым, боқ жеген әңгіме айтады екенсің. Бұл екеуі қашаннан текті болыпты?! Тауыпсың, тектіні! Қазақтың жақсы ұрпағы осы екеуінен тараса онда қазақ болудан да қызық кететін шығар. Текті болса осылай жемейтін боқты жеп жүре ме?! Арзан атақ үшін, боқ дүние үшін, қайтсем билікті қолға түсірем дейтін есек дәме үшін ғана өмір сүріп жатқан екі усойқыны сонша мақтайсың келіп. Құдай бұларды жұртқа көрсету үшін әдейі масқаралап жатқан болар. Ертең бұдан да жаман масқара болады. Мол кезде де "қазақтың тектілері осы екеуі еді" деп аузыңнан суың құрып мақтап отырмақсың ба?
Жауап беру
+ +4 Бағдат Амангелді 16.09.2014 09:07
Бейбіт ағамыз інілік ізгі ойын жеткізді.Артық әңгіме айтылып отырған жоқ.Бәрі орнымен.Екеуі де қазақтың маңдайына біткен текті адамдар.Ал, елі үшін тырнағын да сындырып көрмеген Алдаштай алауыздардан Алла сақтасын.
Жауап беру
+ 0 ероха 16.09.2014 10:06
мен Алдашқа қосыламын. Екеуі де текті емес. Қой терісін жамылған залымдар. Әсіресе Бекболат Тілеухан! Құдай осындай залымдардан сақтасын елімізді. Бағдат Амангелді, сіз айтыңызшы осы екеуі де елі үшін тырнағы сынатындай не істеді? Жүрсін Ерман бір кездері айтысты жандандырып еді, ісінің арты сұйылып кетті.
Жауап беру
+ 0 456789 18.09.2014 10:05
Дұрыс айтылған
Жауап беру
+ +3 Патриот своей страны 13.10.2014 15:31
Біреуді жамандайын деген ойым жоқ, қазақ қазақты жақтырмайды деп айта көрмеңіздер! Алдаштың кім екенін білмеймін, бірақ оның пікірене қосыламын. Алайда тексіз деп Бекболатты да, Жүрсін ағаны да жазғырмаймын, әр қазақтың тегі бар, тегіне, атасына тиісіп неміз бар? Бірақ осы екеуінің істеген тірліктерінде шалалық пен шикілік, ашкөздік, билікқұмарлық, мансапқұмарлық деген мінездері көзге ұрып тұр, сосын Бекболаттың жар салып жарапазан айтқаннан аспайды тірліктері, оның үстіне өзі арапшыл.
Жауап беру
+ +4 Патриот своей страны 13.10.2014 15:32
Атаң қазақ қашан арапқа табынып еді Бекболат, құран арап тілінде түсті екен деп арапқа табынамыз ба өз тектілікігімізді, қазақшылығымызды аяққа таптап, құран арапша түссе оны Құдай түсірді, ол арап тілінің ерекшелігі, құранның 7 үндік қуаты жасырылған құранда, ал оның мағынасы арап тілінде толық ашылмайды, ұзын үнді тілге аударылып мағынасы ашылмақшы, ондай тілдің бірден бірі қазақ тілі, сондықтан қайт еліңе деп айтқым келеді Бекболатқа. Абай атамыз араптарды, парсыларды қызылбастылар деп атаған. Тіпті арап-парсыға қызын бермеген, қызыңды берсең үнің жоғалады, үнің жоғалса тілің жоғалады. Мұның мүмкін қатысы жоқ шығар айтылып жатқан тақырыпқа, бірақ Бекболат деген аты жазылған соң артық болмас деп жазайын дегенім ғой.
Жауап беру
+ 0 Алмакуль Бердибекова 03.11.2014 21:27
-жұрт әділ болмай,жұрт ісі ілгері баспас,бірін бірі силастық жоқ жерде оқу да шеберлік те болмас,көксерлік жұмысымыз-бірлік адалдық болсын дегені де бұл жастың..
Жауап беру
+ +4 Мұратбек 04.11.2014 06:15
Бекболатты бұрын тек телевизордан көруші едім. Осы жексенбіде ол біздің Шымкентке келіп, НұрОтанның айтысын өткізді. Студенттермен кездесу өткізді. Мен бұдан қорқайын дедім. Мынауың нағыз шпана! Ойпырмай, сусылдап, сөзден бір жаңылмайды-ау. Халықтың эмоциясына ойнауды әбден меңгерген. Алайда, сөзі әшейін жылтырақ сөздер. Қайран, қазақтың жастары сол сөздерге алданып отырды. Өкініштісі де осы еді.
Жауап беру
+ -1 Наз 17.11.2014 10:32
Ай Азамат екенсин Бейбит! Сени колдайтын замандастарын коп. Сенин изинмен келе жаткан каншама жастар бар. Алга Бейбит!
Жауап беру
+ +6 Талғат 17.11.2014 19:27
"Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дейді"
Жауап беру
+ 0 Битабар 18.11.2014 10:11
Талгат сен комментариің баріне жауап болдыЦитирую Талғат:
"Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дейді"
Жауап беру
+ 0 Битабар 18.11.2014 10:13
Талғат осылай ұсақтала береміз гой!!!!
Жауап беру
+ 0 Талғат 18.11.2014 10:35
Иә, Битабар...
Біз халықтың сөзін сөйлеп жүрген, өзіндік алар орны бар аға-інілерімізден ілік іздемеуіміз керек. Олар да пенде ғой. Бірде құлап, бірде тұрып келе жатыр. Бірақ, халыққа танылған жандар. Алдымен белгілі азаматтарымызды мүйіздеп алсақ кейінгі жұртқа не өнеге, не қайыр!
Жауап беру
+ 0 Алмакуль Бердибекова 20.11.2014 21:39
Ер кісінің миы ғалымдар-ң айтуынша кортизол гармонынан ақылды да, бірақ кесіп айтқыш болғандықтан оған қосымша табиғаттан көмек миында окситоцины көп гармонды жан жақты ойлағыш, глобальды ойшылдығымен /особенно забота и поддержка у нее/ халықты қарата алады екен,ендеше әйелді қорламай ақ оларды да халқыңмен бірге ,халықшыл болсаң егер жоғарғы санада қараңдар ерлер қорламай...
Жауап беру
+ 0 Алмакуль Бердибекова 20.11.2014 21:48
Қазақ халқы оның ішіндегі әрбір адам, жануяңдағы адам ретінде қарап қабылдаңдар,Халыққа жандарыңыз ауырғыш болса, оның сенген күш рухына да адалдық көрсетіңдер,мен түзетейінші халқымды сөйтіп бақытқа кенелтейінші десең,алдымен халықпен бірге болып, өзіңді түзетуіңе тиіссің..Әсіресе адамды қорлап сөйлеп жастарға ақыл сөз айтпай ақ қояйық,ол заман өткен..Қазір рух пен жандүниесінің тазалық заңы бар ЗАМАН ҒОЙ..Ер кісілер бұл дүниедеде барлық жағынын күшті халық!!ондай болса сіздерге басшылықты бердік,мойын болып бұрып қана..жөндеңдер АллаТағаламның берген сиына қанағатпен тамаша оймен ғана...
Жауап беру
+ +1 Ербол 06.12.2014 21:35
«Ірігеннің аузынан шіріген шығады»- дейді кемеңгер халқымыз, шырағым Алдаш, екі сөзіңнің бірі боқ болды ғой, соған қарағанда аузыңды дұрыстап тазалап, сірке сумен (уксуспен егер ұқпасаң) үш қайтара шайып сөйлемейсің бе!
Ханның тектілігін Аяз би хан аузынан шыққан бір ауыз сөзінен анықтағанын есіңнен шығармағын шырағым Алдаш. Әлде атыңа затың сай болып, оқырманды алдап, тектілігіңді не тексіздігіңді айпаралап отырсың ба шырағым Алдаш?
Жүрсін мен Бекболат еңбектерімен, атқарған істерімен халқымызға танымал емеспе, ал өзің не бітіріп жүрген жайың бар?
Тисе бұтаққа тимесе терекке деп айналаңа жын шашып жүресің бе?
Жауап беру
+ +1 Ербол 13.12.2014 01:41
Ғибадат, мені дұрыс түсінгеніңе рақмет. Сәл түзету, мен көпшілігіңе бауыр емес аға болармын, өйткені бұйырса алдағы көктемде (апрельде) 68 ге толамын. Мен тіл маманы емеспін, құрлыс инженерімін. Қазір зейнеткермін. Сөздің реті келген соң айтып отырмын. Барлығыңа айтар бір өтінішім бар, ол оппонентіңді қорламай, бір біріңе айдар (ақымақ, т,б,) тақпай сынап, болмаса келеке қылған жөн болар, қазағымыздың тілі ондай мүмкіндік береді ғой!
Жауап беру
+ 0 Алмакуль апай 23.12.2014 15:57
Ғибадат!-Менім жүрегім елім дегенде таза ,сол да имангершілігім мен тазалығым мен борышым болар.. Менде ЕРБОЛДЫ,және басқаларыңды сондай түзулікте жүргені болар деп түсінемін .. Менің сайтыма жауап түгілі, өтірік,невидимка, қуйтырқы сөздеріңді салмай-ақ қойыңдар,бар болған қаруларыңды кімде болса түсініп отыр, ЖАЛҒАН,ЖАБАЙЫЛЫҚ СӨЗДЕРІҢДІ ҚЫСҚАРТЫҢДАР,одан да ЖАҚСЫ ҰҒЫНЫП АЛАЙЫҚ: ИМАНГЕРШІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЖҮРСІН ТЕК ҚАНА АРАМЫЗДА,СОНДА ҒАНА ЖЕТЕМІЗ БІРІГІП..ЖЕР ҰЙЫҚТЫ АРМАНЫМЫЗҒА!! СЕБЕБІ БҰЛ ЖЕРДІ ОЙЛАП ТАПҚАН БІЗДЕР ЕМЕС БОЛСАҚ, тек қана АЛЛА ТАҒАЛА БАР ҚҰЛЫНА ИМАНМЕН ЖАН ТАПСЫРУДАН,ИМАНМЕН КЕТУДЕН АРТЫҚ НЫҒМЕТ БЕРІЛМЕГЕНІ БОЛСА, ОНЫ ОРЫНДАМАСА, МЕН мен деп МЕНСІнбеген ДЕРІМІЗ БІР ТИЫНДЫҚ БОЛҒАНЫ ОНДА!!!
Жауап беру
+ +2 nhgd5 15.01.2015 03:38
Жүрсін мен Бекболат елініің нағыз жанашыры, айтыстың нағыз жанашыры болса, Ренат Заитов сияқты талантты, азулы айтыскер ақынның айтыстан, теледидардан шеттетілуіне жол берді? Ол кімнің тақиясына тар келді? Әлде "айтыс" деген өкіметті мақтау ма?
Жауап беру
+ 0 Анар 17.01.2015 09:10
Шын мәнінде, Біз қазақ екенімізді ұмытпауымыз керек.Өзімізге өзіміз жанашар болуымыз керек-ау.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші