Ортақ шешiмдер қабылданды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Ортақ шешiмдер қабылданды

10.12.2016, 16:24

Астана қаласында өткен үкiметтiк емес ұйымдардың VII Азаматтық форумы елiмiзде азаматтық қоғам институтын күшейтуге бағытталған iс-шаралардың бiрi екенi даусыз. Бұл ретте аталған басқосуды ұйымдастыруға ұйытқы болған ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Н.Ермекбаевпен жолығып, сұхбаттасудың сәтi түскен едi.

-- Нұрлан Байұзақұлы, форум туралы ойыңызды бiлдiре кетсеңiз? Күн тәртiбiнде қандай өзектi мәселелер талқыланды?

— VII Азаматтық форум ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында өтiп жатыр. Басқосуда азаматтық қоғамды дамыту, жергiлiктi басқару жүйесi мен әлеуметтiк жобалардың қаржыландырылуын және жергiлiктi полиция қызметiн жетiлдiру, сондай-ақ, әлеуметтiк-медициналық сақтандыру жүйесiн өрiстету бойынша мәселелер талқыға түстi. Республиканың әр өңiрiнен келген үкiметтiк емес ұйым өкiлдерi осы аталған тақырыптар төңiрегiнде өз ойларымен бөлiсiп, пiкiрлерiн ортаға салды. Форумда айтылған ұсыныстардың барлығы да ескерiледi. Мұқият зерделенiп, мiндеттi түрде сол бойынша нақты шешiмдер шығарылады. Пленарлық отырыста қоғамдық ұйымдардың атқарған жұмыстарының есебi қорытындыланып, ортақ шешiмдер қабылданды.

-- Бұл форумның бұрынғылармен салыстырғанда ерекшелiгi неде болып тұр?

— VI Азаматтық форум осыдан екi жыл бұрын өткен болатын. Сол басқосуда да бүгiнгi айтылған мәселелер көтерiлген едi. Ал, олардың қаншалықты iске асқандығы форумда нақты көрсеткiштер бойынша талқыланды. 2015 жылдың аяғында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкiметтiк емес ұйымдарға сыйақылар мен гранттар ұсыну жөнiнде арнайы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған сәйкес, биыл қоғамдық ұйымдарға гранттар бөлiнсе, сыйақы тағайындау келесi жылдан бастап қолға алынбақ. Сондықтан форум барысында гранттар мен сыйақыларды ұсынудың тетiктерi мен механизмдерi қатысушылар тарапынан жан-жақты қарастырылды.

— VII Азаматтық форумда қандай маңызды шешiмдер қабылданып, қорытындылар жасалды?

— Жоғарыда айтып өткенiмдей, гранттар мен сыйақыларды алудың тиiмдi жолдары және үкiметтiк емес ұйымдардың есеп беру, мәлiметтер базасын толықтыру, салық жөнiнен есептесу процедураларын жеңiлдету бойынша ұсыныстар айтылды. Осыған орай алдағы уақытта тиiстi министрлiктер барлық ұсыныстарды басшылыққа алып, оларды бiрте-бiрте жүзеге асыруға кiрiсе бастайды.

— Елiмiзде үкiметтiк емес ұйымдардың саны көп екенi мәлiм. Алайда, олардың бәрi бiрдей жұмыс iстейдi деп айта алмаймыз. Осы мәселе бойынша не айтар едiңiз?

— Өкiнiшке қарай, Қазақстанда тiркелген қоғамдық ұйымдардың iшiнде нақты жұмыс iстеп жатқандары шынымен де аз деуге келедi. Мәселен, бүгiнгi таңда республикада тiркелген үкiметтiк емес ұйымдар саны 18500 болса, осылардың арасында нақты жұмыс iстейтiндерi 8500 ғана. Сондықтан босқа тiркеуде тұрған қоғамдық ұйымдар мәселесi қалай болады деген сауал бүгiнгi таңда күн тәртiбiнен түспей тұр. Бұл проблеманы түпкiлiктi шешу үшiн оларды жабу процедурасын жеңiлдету жөнiнде ұсыныстар қарастырылып жатыр.

— Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Ә.НҰРЖIГIТҰЛЫ.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші