Сыр-сұхбат - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Сыр-сұхбат

Светлана Қожанова – белгілі Алаш қайраткері, ғалым Сұлтанбек Қожановтың немересі.

Оңайша Мақсұмқызы - Түркі әлемінің терең зерттелуіне өлшеусіз үлес қосқан белгілі венгр ғалымы, түркітанушы, этнограф Иштван Қоңыр Мандокидің әйелі.

Жәмилә Қалдаяқова – композитор, қазақ вальсінің "королі" Шәмші Қалдаяқовтың әйелі.

Қалиолла Саматұлы Ахметжан – суретші, этнограф, қару-жарақ зерттеушісі, Қазақстан Суретшілер одағының және ҚР Суретшілер академиясының мүшесі.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемді шайқалтып тұрған дағдарыс біздің елімізді де айналып өтпеді.

Өткен шілде айында ғана «Қарашаға дейін доллар бағасы көтерілмейді» деп елеңдескен елді тыныштандырып қойған Келімбетов өтірікті кірпік қақпай тұрып айтатын кеселге ұшырағанын осымен нешінші рет дәлелдеп отыр.

Биыл Қызылорда облысының даму көрсеткішінде айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Облыс орталығын айтпағанда өңірге қарасты аудандардың өзінде бірнеше зауыттар мен кәсіпорындар ашылып, халықтың әлеуеті артып келеді. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында елдімекендерде инфрақұрылым жаңарып, алдағы бірнеше жылға үлкен жоспарлап жасалып отыр. Дәл осындай игі істер Жаңақорған ауданында да жүзеге асып келеді. Бұл жайында аудан әкімі Руслан Рүстемов тұрғындар сауалына интернет арқылы жауап беру барысында мәлімдеді. Ендеше, назарларыңызға Жаңақорған әкімімен болған онлайн-конференцияны ұсынамыз.

«Қазақстан барысы» турниріне қатысқалы отырған 2 балуанның қан құрамынан күмәнді заттың анықталғаны рас па?

  Өткен жылғы «Қазақстан барысы» Мұхит Тұрсынов алыптармен айқасу үшін қандай қадамға барды? Төрешілермен тайталасып, турнирден 2 жылға шеттетілген Ержан Шынкеев биыл қалай күреседі? «Қазақстан барысы» турнирі жеңімпазының беліне байланатын «Алтын белбеуді» кім жасайды? «Алтын тайтұяқ» қайда құйылады? Осы және басқа да сауалдарға жауап алу үшін «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы, Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Төлегенұлы Шораевпен әңгімелесіп қайттық.

Берекет КӘРІБАЕВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: 

– Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты елімізде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі Тараз қаласында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Жалпы, аталған конференцияда жасалған баяндамалардың ішінде сізге ерекше әсер еткен деректер болды ма? Болса, кімдердің атын атап, түсін түстер едіңіз?

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын ілгерілетудің ең негізгі тетіктерінің бірі. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы халықтың әлеуетін арттыру жұмыстары бүгінде еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп келеді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама құрылып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылып отыр. Мұндай шаралардан Қызылорда облысы да кенде емес. Облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Құрманкүл Датқабекова Төлепбергенқызы порталымызда жүргізілген онлайн-конференция барысында аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгеріс енгізілді деп естіп едім. Енгізілген өзгеріске тоқталып өтсеңіз?

2015 жылдан бастап бағдарламаға біршама өзгерістер енгізілді. Ауылды елді мекендердегі кәсіпкерлердің жас кәсіпкерлер бағдарламаға салалық шектеусіз қатысатын болады, сонымен қатар Арал және Қазалы қалалары шағын қалалар тізбесіне енгізлуіне байланысты, кәсіпкер банктен 14 пайызбен алған несиенің 10 пайызы мемлекет тарапынан субсидяланса, қалған 4 пайызын кәсіпкер төлейді. Бағдарлама бойынша толық ақпартты damu.kz сайтынан алуға болады.

2) «EXPO-2017» Халықаралық  көрмесіне екі жыл уақыт қалды. Айтулы шараны өткізуге Қызылорда облысы қандай үлес қосады?

«EXPO-2017» Халықаралық көрмесі аясында облыста көліктік және туристік инфрақұрылымды дамыту маңызды. Қазіргі күні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында сервистік қызмет көрсету орталықтарын орналастыру, осы арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 33 жер белгіленді. Бүгінгі таңда 3 нысан жұмыс жасап тұр. Атап айтсақ, «Қорқыт Ата мінәжәт ету орталығы», «Сығанақ» сервистік қызмет көрсету орталығы, «КМГ Өнімдері».  Сонымен қатар, 7 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. 6 жоба құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсаттама құжаттарын әзірлеуде. Ал 4 жоба бойынша жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Синоойл» ЖШС-і көлік дәлізі бойында «D» санаты бойынша 4 жанар-жағар май құю бекетін орналастыруды жоспарлауда. Арал ауданында орналасқан 2 жер учаскесіне инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда. Бұның барлығы жол бойында салынатын нысандар.

Бұған қоса, облыстағы ұлттық қол өнер шеберлерінің бұйымдарын ұсынатын боламыз. Өңірге инвестиция тарта отырып, шағын және орта бизнесті дамытамыз. Осы арқылы гидтер, аудармашылар, қонақ үй қызметкерлері мамандықтары бойынша жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

3)Жеке кәсіппен айналысып жатқаныма көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде шаруамды дөңгелетіп жатырмын. Базарлар немесе рыноктар қалай жіктелетініне тоқталып өтесіз бе?

«Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы N131 қаулысының 6 тармағына сәйкес рыноктар былайша жiктеледi:

тауарлық мамандануы бойынша:

  • азық-түлiк тауарларын өткiзу бойынша - азық-түлiктiк;
  • өнеркәсiп тауарларын, тұрмыстық техниканы және тағы басқаларды өткізу бойынша - азық-түлiктiк емес;
  • тауарлардың жекелеген топтарын (автомобиль, мал және т.с.с.) өткiзу бойынша - мамандандырылған;
  • мамандандырылған сауда аймақтарында азық-түлiктiк және азық-түлiктiк емес тауарларды өткiзу бойынша - әмбебап;

Мәмiлелердiң көлемi мен оларды жүзеге асыру тәсiлдерi бойынша:

бөлшек;

көтерме;
түрлерi бойынша:

жабық;

шағын рынок;

аралас;

санаттары бойынша:

I санат;

II санат;

III санат.

Рыноктардың санаттарын сауда саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар бередi.

4) Ауылдық жерде шағын бизнес ашуға қаржы беріле ма?

Шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсетудің негізгі құралдарының бірі - қаржы-несиелік ресурстар болып табылады. Облыста кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банк, «КазАгро» АҚ еншілес ұйымдары, ауыл несие серіктестіктері және шағын несие ұйымдары және басқа да қаржы ұйымдары арқылы ала алады. Сонымен қатар, ауылдық елді-мекендерде шағын бизнесті дамыту мақсатында және ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несиелер ұсыну үшін 2014 жылы мемлекеттің қатысуымен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС құрылды.

Өңірлік инвестициялық орталығымен несиенің жылдық тиімді мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын 5 жыл мерзімге дейін ұсынылады. Бұл ауыл кәсіпкерлерінің ісін бастауына тиімділігін көрсетуде.

5) Мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерді қаржы-несиелік қолдау бағытындағы қандай бағдарламалар бар?

Мемлекет тарапы заңда белгіленген тәртіппен кәсіпкерлерге көптеген қолдау шараларын айқындалды. Оның бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бірқатар бағыттарда жүзеге асырылып, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиені ішінара кепілдендіру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау компоненті.

Кәсіпкердің банктен алған несие қаражатының пайыздық мөлшерлемесін төмендету немесе  14 пайызбен алынған несиесінің 7 пайызын мемлекеттік қаржы есебінен өтеледі.

Несиені ішінара кепілдендіру компоненті

Кәсіпкерлерге банк несиесі бойынша кепілдемелер ұсынылады. Яғни, несие алу үшін жеткіліксіз болып тұрған кепілдеменің 50 – 70 пайызын, мемлекет тарапынан ішінара  кепілдендіру қарастырылған.

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту компоненті

Кәсіпорынға жетпейтін инфрақұрылымды (жолдар, кәріз, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері) жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша, сондай-ақ жеке жоба үшін қажетті инфрақұрылым сомасы жалпы жоба құнының 50 %-нан аспауы тиіс.

6) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын қайтарымсыз қаржы жөнінде не айтасыз?

2010 жылдан бастап «Бизнестің  жол  картасы  2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлер несиені пайыздық мөлшерлемені субсидиялау,несиені ішінара кепілдендіру, қайтарымсыз негізде грант қаражатын ұсыну және қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жеткізу бағыттарын қолдануға болады.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар ұсыну – инновацияларды енгізуші жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне бірегейлігімен және жаңашылдығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 000 000 теңгеге дейін қайтарымсыз негізде берілетін мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады.

7) Жас кәсіпкерлерге  қандай  мемлекеттік қолдау  шаралары  бар?

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 20 млн. теңгеге дейін кепілсіз несие қаражаттары беріледі. Кәсіпкер алатын несие қаражатының 85 пайызын мемлекет кепілдендірсе, қалған 15 пайызын кәсіпкер бағдарламасы аясында жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің депозит шотына салады. Несие қаражаты 7 пайызбен 5 жыл мерзімге беріледі.

Бұған қоса, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша облысымызда бұрын соңды жүзеге асырылмаған, иновациялық идеясы  бар жаңа кәсіп түрлері бойынша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлері үшін  3 млн. теңгеге дейін мемлекет тарапынан қайтарымсыз негізде грант қаржылары беріледі.

Тағы бір айта кетерлігі, облыста аймақтық кәсіпкерлер палатасы жұмыс жасауда. Мемлекет  тарапынан  әрбір кәсіпкер ақысыз негізде бизнес-жоспарлар әзірлеп, бизнесті жүргізуге сервистік кеңес қызметтерін пайдалануға болады.

8) Қызылордада отандық туризмнің бренді болып, «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт ата меморалдық кешенін айтамыз. Бірақ шын мәнінде бұл жерлерге туристер әкеле аламыз ба?

Жер кіндігі саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракеталарды көзбен көруге шетелдер келушілер көп. Қос мемлекеттік келісімімен бұл жерде туризм саласын дамытуға байланысты жұмыстар жүріп жатыр. Ал Қорқыт ата кешені бүгінде қонақтарға қызмет көрсетуге толық дайын.

Кешеннің бұрынғы архитектуралық формасын сақтай отырып, қайта жаңғыртудан өткізілді. Бұрын ескерткіш биіктігі 8 метр болса, енді ол 12 метрге, ал ескерткіш тұрған жер 2,5 метрге биіктеді. Ескі темір-бетон материалдарды мрамор, гранит, ұлутас тастары ауыстырды.

Сонымен қатар, кешеннің жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту, плитка жабындарын төсеу, су қоймасын жасау, инженерлік инфрақұрылым тарту, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ескерткішке қарсы бетте «Атамұра» кешені бар. Қызмет көрсету нысандары ежелгі Жібек жолының шығыстық үлгідегі көне ғимараттарын еске түсіреді. Мұнда меймандардың барлық сұранысын қанағаттандырады. Бағалары да тиімді. Бұл орын Түркі елдерінің тәу етер жері болмақ. Сондықтан туристердің саны алдағы уақытта арта түсетіні сөзсіз.

9) Қазір ауылдың жағдайын көтеру үшін кәсіпкерлікті жандандыру жиі айталады. Нақты қандай жұмыстар жасалып жатыр?

Биыл бірінші рет қыркүйек айында Қызылордада ауыл кәсіпкерлерінің форумы өткізіледі. Аймақта белсенді кәсіпкерлердің 80 пайызы Қызылорда қаласында болса, қалған 20 пайыз аудандарға тиесілі. Сол себепті де ауылдық жерлерде кәсіпкерлер санын көбейту керек. Өткен жылы ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 53 млрд. теңге бөлінді.

Өткен жылы өңірге мемлекеттік бағдарламалар аясында 17 млрд. теңге бөлінді. Оған мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Ал, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға былтыр 1 млрд. 445 млн. теңге қаралған. Аудандарда бұл бағыт бойынша жалпы құны 142 млн. теңгені құрайтын 10 жоба субсидияланды.

10) Қазіргі таңда әртараптандыру бағытында жұмыс жасалып жатқаны белгілі. Бұл бастама кәсіпкерлерге қалай әсер етуде?

Қызылорда облысында ауылшаруашылық өнімдерін әртараптандыру жүйелі жүргізілуде. Осының нәтижесінде негізгі дақыл бойынша рекордтық өнім алынды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен басқа да дақылдарды егуге жағдай жасалуда. Оларға берілетін субсидияның көлемі де ұлғайған. Енді күріштен басқа бақша дақылдарын еккен кәсіпкер мемлекеттің зор қолдауына ие болмақ. Бақша дақылын кәдімгі суармалы әдіспен еккен адамға тиесілі субсидиясы төленсе, ал тамшылатып суару әдісін қолданған еңбек адамына берілетін субсидия көлемі едәуір. Сондай-ақ, жиында мал шаруашылығын дамыту да сөз болды. Қазір облысты буферлік аймақтан шығару үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Егер бұл жоспар биыл жүзеге асатын болса, жылына 100 мың тонна ет экспортқа шығарылады деп жоспарлануда.

Бұл кәсіпкерлер үшін де тиімді. Нарыққа қарай бейімделіп, сұранысқа ие өнімді шығаруға мүмкіндік алады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші