Сыр-сұхбат - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Сыр-сұхбат

− Драматургия өзіндік ерекшелігі бар, автордан толысқандықты қажет ететін салмақты жанр ретінде бағаланады. М.Әуезов театрының әдебиет бөліміне келгеніңе де екі-үш жыл болды.Театр тарапынан 40 жасқа дейінгі шығармашылық жастар үшін драматургия, режиссура, шығармашылық топқа бағытталған конкурс жарияланды. Конкурс жұмыстарын сүзгіден өткізіп, сараптадыңдар. Бүгінгі драматургияға қойылатын талап қандай сонда? Кешегідей жазуды көпшілік қажет етпей отыр, сонда бүгін қалай жазу керек?

– Бүгінгі күннің ең маңызды әңгімесі – елдегі сайлауалды ахуалды қалай бағамдайсыз? Сайлау сайын қайталанатын үйреншікті көріністен қандай да бір жаңа нәрсе көріп отырсыз ба?

– Бұл сайлауды өткізу билік үшін оңай болатын сияқты. Ешқандай оппозициялық яки тәуелсіз үміткерлер кандидат ретінде тіркелген жоқ немесе тіркегілері келген жоқ. Бұл халық та, билік те аса қинала қоймайтын, нәтижесі белгілі сайлау болмақ.

– Қит етсе, Украина сценарийін алдыға тартатындар көп. Сырттағы жағдайды пайдаланып сан түрлі пікір айтатындар Қазақстанның болашағын өз ауызымен қатерге тігіп отырған жоқ па?

– Ешкімнің аузына қақпақ қоя алмайсың, сырттан айтылатын алуан сөз де, түрлі ой-пікірлер де бола береді. Бірақ Қазақстан азаматтарының әрқайсысы тыныштыққа өзі мүдделі  болуы тиіс. Әр адамның белгілі бір деңгейде саяси көзқарасы, өзіндік ой-пікірі болса, сырттағы идеология еш әсер етпейді. Ал кез келген идеологияның шырмауында кете берсек, ол сөзсіз өз таңбасын салады. Әрине, дәл қазір Ресей идеологиясы күнделікті өмірімізге мықтап тұрып сыналап енгісі бар. Кез келген телеарнаның түймесін бассақ, орыс идеологиясының пұшпағын көріп қаламыз. Еуразиялық одаққа мүше болғаннан кейін бе, әлде кеңестік кезден қалып қойған психологияның салқыны ма, біздің де идеологиямыз Ресей идеологиясынан алшақ кетіп жатқан жоқ. Сондықтан ресейлік бағыттағы идеология бізге қайтадан ену үшін аса қолайлы жағдай қалыптасып отыр. Батпандап кірген коммунистік идеологияны мысқалдап шығаруға тырысып жатсақ, «Тәуелсіздік деген – ең үлкен апат» деген Путиннің қолтығына қайта кіріп бара жатқанымызды өз басым еш түсіне алмаймын. Біз кімнен азат болдық өзі? Біз кімнен тәуелсіздік алдық? Тәуелсіздік алдық деп неге тойлаймыз? Түсініксіз. «Қай жақтан бөлініп шығып едік, енді қайда кетіп барамыз?» деген мәселе айтылмайды. Бұл жерде қазақтың ұлттық көзқарас бағытындағы азаматтарында да кінә бар, халықты өзіне тарта алатындай, бірігіп қарсы тұратындай дәрежеге жете алмай келе жатыр. Бұл шынында да өкінішті және саяси қауіпті жайт. Әңгіме «Украина сценарийінде» емес, бірақ Ресей кешегі империялық отарлау саясатының форматын ауыстырып, өз қоластына қайта жинауға ұмтылысын басқаша формада ашықтан-ашық айтып отыр. Ал біздің түк білмегенсіп, «тек қана экономикалық қарым-қатынас» деп мүләйімсіп жүргеніміздің өзі ұят әрі халықты көрінеу көзге алдау ғана.

– Сайлаудан кейінгі елдің жағдайдына қандай болжам айтасыз?

– Меніңше, жағдай еш өзгермейді, қалай болды, бәрі сол қалпында қалады. Себебі саяси жүйе өзгергісі келмейді. Президенттер келеді – кетеді, министрлер тағайындалады – ауысады, бірақ сол жүйе болғандықтан, сол жүйенің қалыбына түскен адамдар болғандықтан, ісін де дәл солай жалғастыра береді. Бізде сол қалып жасалды. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өткеннен кейін міндетті түрде белгілі бір деңгейде авторитарлық кезең орнығады. Бұл – заңдылық. Бірақ кейде осы авторитарлық жүйе кері айналып тоталитарлыққа апаруы мүмкін, кейде сол авторитарлықты ұстана тұрып бірте-бірте демократияны берік орнықтыруы мүмкін. Ал біздің қоғам дамудың осы екі жағын да таңдамады, нәтижесінде, авторитарлық жолымыз ұзаққа созылатын түрі бар. Сондықтан біз үйренген тұрақтылық әлі біраз сақталады. Билік жүйесін өзгертетіндей басқа саяси күштер альтернативасын көріп отырған жоқпыз. Ал мемлекеттік жүйе өздігінен өзгеретіндей қалып танытып отырған жоқ. Кезең сайын қайталанатын үйреншікті жүйе үйреншікті жемісін береді.

– Ортақ валюта үшін Қазақстан теңгеден бас тартуы мүмкін бе?

– Бұл – шартты нәрсе. Бұл да екі түрлі нәрсе, біріншіден, міндетті түрде бір валютаны енгізу шарт емес, бірімен бірі есеп айырысқанда белгілі бір арифметикалық санға тоқтам жасау деген сияқты сөз. Екінші мәселе, еуропалық мемлекеттердің бірігіп еуро сияқты ортақ ақша шығарып, соны бәрі бірауыздан мойындап, енгізуі. Ал қазір ортақ валюта туралы әңгіме айтып жүргендер 1993 жылдың желтоқсанында теңге шыққан тұстағы газет-журналдарды тауып, қайта оқып шықса екен деймін. «Теңге – тәуелсіздігіміздің белгісі» деген сияқты тамаша сөздерді, бәлкім, мақсатты түрде басылым беттерінде қайта жариялау керек шығар. Мүмкін, сонда халыққа қайта ой салатын болар. Өйткені экономикалық тәуелсіздік – жалпы тәуелсіздіктің негізі болып саналады. Ал экономикалық тәуелсіздіктің негізі – өз даму жолы, бағыты, өз қаржы жүйесі бар. Аяғынан нық тұрған еуропалық елдер сияқты ұлттық мемлекет деңгейіне келмейінше, бұрынғы метрополиямен «одақтаса» отырып жетістікке жетеміз деу үлкен қателік сияқты. Біз сол орыстың шекпенінен шықтық, солардан бөліндік, Кенесары бабаларымыз бастаған айбынды ерлеріміз қасық қаны қалғанша қарсы тұрды – енді экономиканы сылтауратып сол құшаққа барып қайта құлау, қалай болады? Тәуелсіздігіміздің басты сипаты деп отырған теңгемізді ортақ валютаға айырбастау – көп адамның қолдай қоймайтын бағыты.

– Бір сөзіңізде «қазақ ұлтшылдығы – позитивті ұлтшылдық» дегенсіз. Ал қазір ұлтшылдардың үні біржола өшкен сияқты үнсіз ғой...

– Қоғамның өзі ұлтшылдарды сахнаға шығарғысы келмейді. Қазақ ұлтының ойын орыс тіліне аударып беру ісі кемшін. «О чем думают казахи?» деген сияқты сұрақ  қазір маңызға ие емес. БАҚ-тың негізгі бағытын ұстап отырғандар әдейі аударып бергісі келмейді. «Бұлардың сөзі қаншалықты әділетті?» деген қорқыныш басым. Екіншіден, 1930-жылдардан қалыптасып қалған «ұлтшыл» деген сөздің әлі де болса кері әсері бар. Мен «қазақ ұлтшылдығы – позитивті ұлтшылдық» деген сөзді бекер айтқам жоқ, себебі өз ұлтын жоғары қойып, басқаларды төмендететін негативті ұлтшылдық та бар. Ал позитивті ұлтшылдық – өз ұлттық құндылықтарын сақтау бағытында жүргізіледі. Қазақ ұлтшылдығы ешқашан агрессияшыл бағытта болған емес. Біздің көтеріп отырған мәселелеріміз неге екені белгісіз, екі жақтан да аса қолдау таппайды. Орыстілділер біздің ұлтшылдығымызды «қазақ тіліне артықшылық сұрайды», «қазақ азаматтарын көтергісі келеді» деген сияқты негативті реңкте түсінеді, ал билік басындағы өз азаматтарымыз «дала демократиясы», «әділетті қоғам» дегенімізді өзінше түсінеді. Тіпті «Құдайдан қорқайық!» деген діни бағыттағы сөздің өзі коррупцияға берілетін соққы сияқты. Ұлттық және діни бағыттан іріп-шіріген қоғамның қай-қайсысы да қашып жүреді. Қазақ ұлтшылдығының көп дауысының шықпай жатуының себебі – осы. Екіншіден, «Азат» қозғалысы болса да, «Желтоқсан» ұйымы болса да ұлттық мәселелерді 90-жылдан бастап айтып, ұлттық құндылықтар үшін күресті, осылар көтерді, осылар оятты. Ал қазіргі кездегі бірде-бір адам, мейлі биліктегі, мейлі оппозициядағы азаматтар болса да, бірде-бірі ұлт мәселесі ашық көтерілген 90-жылдары біздің қасымызда болған жоқ. Мұны да мойындайық. Қазақ ұлтшылдығы түбі бір жарып шығады. Ол үшін белгілі бір саяи-қоғамдық жағдай қалыптасуы керек. Менің өкінетінім бір-ақ нәрсе, бір орталыққа біріктірілетін ұлттық бағытта саяси жұмыс жүргізетін бізде не топ, не партия, не қозғалыс әлі құрылған жоқ. Бұл – біздің әлсіздігіміз. Бірақ келешекте әбден құрылуы мүмкін.

– Біздің туабітті, табиғи ұлттық санамызды діни бағыттағы көзқарас тұмшалап, үстемдік ете бастаған жоқ па?

– Егер тар бөлмеде ауа жетпей, қапырықты жұтып отырған адам терезені ашып жіберсе, таза лепке тұншығып қалады ғой. Сол секілді талай жылдар бойы оның қағидаттары тұрсын, «дін» деген сөздің өзі айтылмай келіп, аяқ астынан исламның түрлі бағыты пайда болғанда және ол бұрыннан бар дәстүрлі дінімізбен, кей жерде тәңіршілдік ұстанымымызбен араласқанда, адам түгілі, қоғамның өзі абдырап қалды. Ал бізде діни сауатты, оқыған, дін мәселесін талдай алатын ары кетсе 5 пайыз ғана адам бар шығар. Қалғандарымыз қараңғы бөлменің қабырғаларын қармалап жүрміз. Бұл – өтпелі кезең. Әлі 15-20 жылға созылуы мүмкін. Халықтың жартысынан астамы ненің не екенін толық түсінетін халге келгенде, жастар басын тауға ұрып, тасқа ұрып, тұс-тұстан тырмалап, әр дінге бір табынбайтын болады. Салт-сана, әдет-ғұрпымызбен, жалпы дәстүрімізбен қабысып келген дінге бағынатын күн алыс емес деп ойлаймын. Екіншіден, дүниежүзінде таласты діни мәселеге түсінік бере алатындай бір орталық болуы керек. Бұрын, өткен ғасырларда сондай халифаттар жұмыс істеген. Ол «Мынандай нәрсені осылай түсінейік», «мынадай мәселеде былай келісейік» деп пәтуаға келетіндей жұмыс жүргізетін. «Бидғат» пен ширктің арасын сол мемлекет, сол ел үшін арнайы ашып берген.

– Осыдан екі жыл бұрын «13 жылдан бері жұмыссызбын» деп едіңіз. Содан бері екі жыл өтті, жұмыс таптыңыз ба, 15 жылдан бері жұмыссыз болсаңыз, қалай жан бағып жүрсіз? Отбасы немен күнелтеді?

– Астанада «Самұрық-Қазынаның» жанынан құрылған «Әлеуметтік әріптестер» деген қоғамдық қорда бір жарым жыл жұмыс істеп келдім. Нұрлан Ерімбетов, Артур Платонов бәріміз бірге жұмыс істедік.  «Самұрық- Қазынаға» қарайтын әлеуметтік жағдайды бақылайтын, мониторнгг жүргізетін  ірі талдау-сараптамалық орталықтардың бірі. Батылы барып шақырған Нұрландарға рахмет. Өзімнің білімімді, үлесімді салдым деп ойлаймын. Бірақ үйде жолдасымның ауырғанына байланысты жұмысымды тастап Алматыға оралуыма тура келді. Қазір «Қазақия» деген газетке материалдар жазып тұрамын. «Ұлт тағдырының» кейбір жобаларын жүзеге асырып жатырмыз. Жаз, күз айларында облыс, аудан аралаймыз. Қазақ мектептерінің мәселесі, оралмандар жағдайы, тіл тағдыры – әрқашан біздің назарымызда.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Айгүл Аханбайқызы

Ғұмырларын еңбекпен өткізген, жылқы баққан әкем Қасым мен шешем Нәсиқа 1948 жылы, екеуі бірдей Социалистік Еңбек Ері атанған екен. Бір отбасында ері мен әйелінің қатар Социалистік Еңбек Ері атағын алғандардың әуелгісі – Ресейде, екіншісі – әкем мен шешем көрінеді. Өзіміз отбасында екі түйір баламыз. Оның өзінде ағам Пәнсат екеуіміздің арамыз он жас. Сондықтан бір үйдің кенжесі де, еркесі де өзім болып бойжеттім.

Еліміздің болашағына байланысты көкейкесті тақырып – отаншылдық рух, соңғы кездері ел аузында жүрген абсолюттік тәуелсіздік хақында әлем азаматы Олжас Сүлейменовтің «Азаттық» радиосына берген сұхбатындағы «абсолюттік тәуелсіздіктен қорқамын» деген сөзінің жаңғырығы ғаламторды сарабдал саясаткерлердің ақыл сарабынан гөрі, саясат сахнасын белгілі бір мақсатын іске асыруға пайдаланатын бірді-бірге айдап салғыш ойыншылардың, қосақ арасында өзін көрсетіп қалуға тырысатын әсіреқызылдардың ойын алаңына айналдырып жіберді. Шын мәнінде отаншыл кім? – халқының рухы тәуелсіз бола отырып, қорғаныс, алыс-беріс мәселесінде көршілерімен өзара тәуелділікте бейбіт қатар өмір сүріп, өркендеп өсуін, ұрпағының болашағын ойлайтын салмақты саясаткерлер ме, әлде, саясаттағы өзін көрсетуді мақсат тұтып, елді арандатып, бар әлемде тек біз ғанамыз деп ұрандайтындар ма? Осы орайда Олжас Сүлейменовтен түпкі ойын оқырманға тарата түсіндіріп беруін өтінген едік.

–  Аға, Сіздің шығармаларыңыздың бір ерекшелігі – төгілген тіл. «Тіл болмаса ол қандай шығарма, көркем  туындыға жан салып беретін тіл емес пе?» дегенге айтарым, сіздегі тілдің өзі басқаларға ұқсамайды. Юмор, тұспал, нәзік иірім, жұрт көрмегенді көру секілді ерекшеліктер бар. Құнары қайдан?

Орысша ойлайтын, орыстілді бауырларымыздың ой-пікірін біраздан бері газет бетінде жариялап келеміз. Тіл, ұлт, ұрпақ туралы ойларын білген бізге қызық.  Маңызды да. Оларды шалақазақ деп шеттетпей, бауырымызға тартсақ, аралас-құралас болсақ деген ізгі ниеттен туған газеттің арнайы жобасы.  «Тек» деп аталатын айдардың мақсаты осы.

Біздің бұл жолғы қонақ – Қанат Тәсібеков. «Ситуативный казахский» атты кітаптың авторы. Қазақшаны 50-ге жеткенде үйреніпті. Соған бола оны кейбіреулер: «Бұған дейін ай қарап жүрдіңіз бе?», – деп сөгеді екен. Ол болса: «Қазақша таза сөйлейтіндерге ешқашан жақпайсың», – дейді.

Өзбекстанда оппозиция бар. Бірақ «бар дейтіндердің» бәрі қашқында, қуғында жүр. Шетелде тұрады. Ал елдегілер қазіргі Кәрімовтың жүйесіне іштей қарсы. Бірақ қашып кете алмағасын, ойларын да ашық айта алмайды. Біз Өзбекстандағы бірқатар ықпалды саясаттанушыларды сөзге тартуға тырысқанымызбен мәселе Кәрімовке тірелгенде, ат-тондарын ала қашты. Ақыры Швейцарияның Лозанна қаласында тұратын, өзбек оппозиционері, жазушы, 4 жыл Таштүрмеде отырып шыққан Сафар Бекжонмен байланысқа шықтық.

Ескі тулақ секілді бұрқылдатып шаңын қағып алып, мереке күндері ұялмастан фильмдерін көретін Еркін Рақышевтің жаңа картиналары соңғы уақытта жарыққа шықпай кетті. Өзін қаралаудан шаршамайтындарды қақ маңдайдан қамшымен ұрды деген осы, ағамыз Қытай елімен бірлесіп кино түсіріп кетіпті.

 - Әдебиет тоқырады дегенді естігелі, жаңылмасам, жиырма бес жылға жуықтады. Сіздің ойыңыз қандай?

«Бұл адамды несіне насихаттап отыр екен?» деп ойлап қаласыз. Ойлай беріңіз. Бүгінгі өміріміз әлеуметтік желімен тығыз байланысты болғандықтан, өте белсенді қолданушылардың кейбір пікірі еріксіз назарыңды аударады. Бір қарағанда, жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар жындының айтқанына көбірек ұқсайды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші