Сыр-сұхбат - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Сыр-сұхбат

«Бұл адамды несіне насихаттап отыр екен?» деп ойлап қаласыз. Ойлай беріңіз. Бүгінгі өміріміз әлеуметтік желімен тығыз байланысты болғандықтан, өте белсенді қолданушылардың кейбір пікірі еріксіз назарыңды аударады. Бір қарағанда, жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар жындының айтқанына көбірек ұқсайды.

Пойызға отырып, Алатаудан Арқаға немесе Арқадан Алатау жақты бетке алғаныңызда ирелеңдеген теміржолға қарап, Оңдасынов туралы ойлап көрдіңіз бе?.. Орталық Қазақстанды көктей өтіп, терістік пен оңтүстікті тіке жалғастырып тұрған теміржол қашан, қандай тарихи кезеңде, қандай жапа-машақатпен салынғалы туралы санаңыздың саңлауында бір кішкентай сәуле жылт етті ме екен? Жоқ әлде «дамыған елу ел» туралы шырын қиялға шырмалған санаңыз ондай «өткен-кеткенді» қабылдай бермей ме?..

Биыл Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң алғашқы нөмiрiнiң шыққанына 90 жыл толады. Осы тарихи тағылымды, үлкен өмiр жолының бастауында қазақ халқының бiртуар азаматтары Тұрар Рысқұловтың, Сұлтанбек Қожановтың, Бейсенбай Кенжебаевтың тұрғаны бiз үшiн, шын мәнiнде, зор мақтаныш. Олар «өнер, бiлiм бар жұрттардан» кем қалмау үшiн қазақ баспасөзiнiң негiзiн қалады. Әрине, «ұлт», «ұлтшыл» деген сөздер үрей тудырып, отарлаудың ауыр езгiсi екi иықтан бiрдей басып тұрған кезде қазақ баспасөзiне оңай тимегенi де рас. Оның негiзгi қызметi орыс тiлiндегi материалдарды аударып берумен шектелiп келгенi де шындық. Дегенмен, заман өзгердi, жағдай түзелдi. Алайда, «отарсыздану» дегеннiң не екенiн әлi толық ұға алмай жатқан ұлтымызға ендiгi жерде «жаһандану» атты аждаһа төнiп келедi. Қазақ баспасөзi қазақ ұлтын сол «аждаһаның» қаһарынан қорғап, әлемдiк қауымдастық алдында ұлттың ұпайын түгендеп, өз мәдениетi, ежелгi тарихы, салт-сана, халықтық дәстүрiн танытардай насихаттық құралға айнала ала ма? Бiз осы мәселелер жөнiнде «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң бiр кезде «отымен кiрiп, күлiмен шыға» қызмет етiп, соңында қара шаңырақтың басшысына дейiн көтерiлген азаматтың бiрi, бүгiнде арайлы Астанада қызмет етiп жатқан Абай БАЛАЖАНМЕН сұхбаттасқан едiк.

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Имановпен сұхбат.

Халқымызда ел есінде қалған Жәнібек есімді ерлер көп. Солардың бірі – Хан Абылай тұсындағы батырлар заманында туған Ер Жәнібек. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан – Жәнібек Бердәулетұлы. Халқымыздың тұтас ел болуы жолында ерен еңбек сіңірген батырдың туғанына биыл – 300 жыл толыпты.

Ішкі істер органдарында тергеу саласы қызметінің алатын орны ерекше. Тіпті, ішкі істер органдарының жұмысы көп ретте осы тергеу жұмысының сапасымен бағаланады. Тергеушінің жұмысы үлкен шыдамдылық пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Олардың мақсаты – нақты айғақ жинап, қылмыскерді жаңылыспай дәл табу. Өзіне жүктелген осындай қиыншылығы мен қызығы мол, ауыр әрі мәртебелі мамандықты лайықты атқарып жүрген ОҚО ІІД Тергеу басқармасының басшысы, полиция полковнигі Нұриддин ДАУЫЛБАЕВТЫ өз ісінің шебері деп айтуға толық негіз бар. Себебі, Н.Дауылбаев басқарып отырған басқарма жұмыс көрсеткіші жағынан республикада алдыңғы қатарда.

Страница 4 из 4

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші