Заң-заман - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Заң-заман

Қостанайда облыстық психдиспансердің бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдікпен үш азамат ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматыда №2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шымкент қаласы Жедел басқару орталығының полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен 3 мыңнан аса құқықбұзушылық пен 80-нен аса қылмысты анықтаған. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында педофил деп айыпталған жергілікті тұрғынға үкім шықты. Жасөспірім қызды зорлағаны үшін 50 жастағы Мақтарал ауданының тұрғыны 15 жылға сотталып отыр деп жазады Otyrar.kz.

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеп тұрған 84 автомат жойылып, 5 букмекерлік кеңсе мен 4 ойынхана жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге ауылында түнгі уақытта арақ сатқан дүкен сатушысы 90 мың теңге айыппұл төлейтін болды деп жазады Tumba.kz. Дүкен иесі 4 ақпан күні түнгі сағат 22:35 шамасында жергілікті тұрғындардың біріне 950 теңге тұратын арақты сатқан.

Миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкентте алаяқтығы үшін сотталған нигериялық «сиқыршылар» жазаларын жеңілдетуді сұрап отыр деп жазады Otyrar.kz. Африкадан келген Обаху Жозефату мен Нвоке Екендиричуку Оңтүстік Қазақстан облысының апелляциялық сотына осындай өтініш түсірген.

Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 6 жасар Виктория Мининаны зорлап өлтірген педофилді 25 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "Лада" порталы хабарлап отыр.

Енді азаматтарға жол ережесін өз беттерінше оқып алып, кейін емтихан тапсыруға тыйым салынуы мүмкін. Депутаттар «Жол қозғалысы туралы» заңға осындай өзгеріс енгізіпті. Мәжілісмендер әзірге бұл құжатты талқылап жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Страница 1 из 22

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші