Полиция инспекторы істі болды  - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Полиция инспекторы істі болды 

25.11.2015, 16:52

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген шұғыл іздестіру шаралар нәтижесінде, ОҚО ІІД Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ж.Жақыпов 10 мың теңге пара алу кезінде ұсталды.

Тергеу барысында, полиция майоры Ж.Жақыпов өз құзыреті шегінде құқықбұзушылыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті лауазымды атқаратын адам бола тұра, шартты түрде сотты болған А.азаматшаның іс-әрекетін бақылауда қамқоршылық көрсету үшін талап еткені анықталды.

Бұрын сотты болғандар, заңға сәйкес тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік инспектордың қатаң бақылауында болады. Олар әр күн сайын белгіленген уақытта полицияның тірек пункітіне келіп, өзінің 1 күн бойы қандай шаруамен айналысатыны жөнінде есеп беруге міндетті.

Заң талаптарынап сәйкес, бұрын сотты болған азаматтың әрбір әрекетіне учаскелік инспектор баға береді.

Ал,  ОҚО ІІД Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ж.Жақыпов өзінің міндетін жасаған қоамқорлығым деп бағалап, бұрын сотты болған азаматтан қызметіне ақы талап еткені анықталды. 

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің  366 бабы 2 бөлігіне сәйкес (заңсыз іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара алуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ж.Жақыповқа қатысты  Облыстық прокуратурасының санкциясымен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды.

Тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция инспекторының қылмысы дәлелденсе, бұл салада еңбек ету құқығынан айрылатыны сөзсіз.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген шұғыл іздестіру шаралар нәтижесінде, ОҚО ІІД Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ж.Жақыпов 10 мың теңге пара алу кезінде ұсталды.

Тергеу барысында, полиция майоры Ж.Жақыпов өз құзыреті шегінде құқықбұзушылыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті лауазымды атқаратын адам бола тұра, шартты түрде сотты болған А.азаматшаның іс-әрекетің бақылауда қамқоршылық көрсету үшін талап еткені анықталды.

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлігіне сәйкес (заңсыз іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара алуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ж.Жақыповқа қатысты  Облыстық прокуратурасының санкциясымен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші