Оңтүстікте мемлекеттік қызметші заң талаптарын өрескел бұзған   - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Оңтүстікте мемлекеттік қызметші заң талаптарын өрескел бұзған  

05.11.2015, 19:01

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық тестілеу залында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге арналған тестілеу барысында, азамат Б. мен азамат К. бір-бірінің жеке сәйкестендіру нөмірлерін компьютерге  ауыстырып енгізу арқылы тест тапсырмақшы болған.

Алайда, тестілеу әкімшісі аталған азаматтардың қисынсыз әрекеттерін байқап, Тестілеу ережесін бұзғандығы туралы акт түзіп, тестілеу залынан шығарылды.

Зерделеу барысында, азамат К. Қазығұрт аудандық мәслихаты аппаратының бас маман – есепшісі М.А.Керимкулов болып қызмет атқаратындығы анықталған.

Осыған байланысты, Департамент тарапынан Қазығұрт аудандық мәслихаты аппаратында тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, Аппарат басшысы С.К.Усербаев бас маман – есепші М.А.Керимкуловқа Шымкент қаласына барып - келуге ауызша тапсырма беріп (бірқатар жұмыстар бойынша), іссапарға шыққандығы туралы құжаттарын рәсімдемеген, ал табельге сол күні М.А.Керимкуловқа 8 сағат жұмыста болғаны туралы белгі қойылған.

Мемлекеттік қызметшілердің істері Тәртіптік кеңесте қаралып, Қазығұрт аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен М.А.Керимкуловқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.

Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық мәслихаты аппаратының басшысы С.К.Өсербаевтың заңнама талаптарын бұзып, қарамағындағы қызметшілердің еңбек тәртібін сақтауын қадағаламағаны үшін, аудандық мәслихат хатшысының өкімімен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 6 айдың көрсеткіші бойынша негізгі тестілеуге келгендер саны – 1949, оның ішінде 784 (40,2%) шекті мәнінен жоғарғы нәтиже алса, ал 1148 (58,9%) төмен нәтиже алды. Сонымен қатар, тестілеу ережесін  жыл басынан бері 17 азамат бұзған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші