92 мемлекеттік органда жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурстары жарамсыз деп танылды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

92 мемлекеттік органда жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурстары жарамсыз деп танылды

28.11.2015, 17:48

Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында, мемлекет тарапынан қаржыландыратын барлық мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуда тауарлары мен қызмет түрлерінің бағалары туралы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 92 мемлекеттік органдарда жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурстары жарамсыз деп танылды.

Мәселен, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – мүгедектер үшін «міндетті гигиеналық құралдарының» (калоприемник) әр данасын – 2571 теңгеден сатып алмақшы болған. Алайда, Департамент қызметкерлерінің зерделеу жұмыстары негізінде аталған заттың негізгі нарықтық орташа бағасы – 960 теңгені құрайтындығы анықталды. Яғни, әр данасына 1600 теңгеден артық баға қойылған.

Егер, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сатып алу конкурсын жүзеге асырғанда, онда мемлекеттік бюджетке 14 млн. теңгеден астам залал келуі мүмкін еді.  

Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қысқы маусымға негізгі нарықтық орташа бағасы тоннасы 6-6,5 мың теңге тұратын «Шымкент қаласының көшелеріне көктайғаққа қарсы техникалық тұз себу» лотын 11,8 мың теңгеден жариялаған.

Осыған орай, Департаменттің ұсынысы негізінде конкурс тоқтатылып 7,8 млн теңге көлемінде мемлекет қаражаты тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды.

Айта кету керек, жоғарыда аталған фактілер – құқық қорғау органдарында, білім саласында, әкімдіктерде, денсаулық сақтау саласында және т.б. мемлекеттік мекемелерде (тіптім мемлекеттік университеттерде де) орын алған.

Қазіргі таңда, осы анықталған фактілерге сәйкес, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылып, әкімшілік айыппұлдар салынды.

Осылайша, Департамент тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде, жалпы көлемі 165 млн теңгеден астам қаражатты мемлекет бюджетін талан-таражға салуға жол берілмеді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші