Заң-заман - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Заң-заман

Мемлекеттік сатып алу сыбайлас жемқорлық етек алған салалардың бірі болып отыр. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мамандары мәлімдеді. Сарапшылар жыл басынан бері облыста өткізілген мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуына мониторинг жүргізген.

Оңтүстікте «Отанға қызмет – абыройлы міндет» форумы аясында жас мемлекеттік қызметшілер үшін Кембридж университетімен телекөпір өтті.

Қарағанды облыстық сотында экс-премьер Серік Ахметовтің және одан басқа 20 кейіпкердің соты аяқталуға жақындады. Сотталушыларға сот алдында жауап беруге кезек келді. Бірінші болып сотта түсінік берген Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев өз кінәсін мойындаған жоқ.

Қарағанды облыстық сотында С. Ахметов және басқа лауазымды шенеуніктердің қылмыстық ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. 11 қарашадағы сот отырысында «Топар жылыжайлары» ЖШС-не қатысты эпизодты қарау кезінде куәгер Галина Кордович сотқа жауап берді. Айта кетерлігі, бұған дейінгі сот отырысында түсінік берген куәгерлерден «Топар жылыжайлары» жобасындағы қондырғының құны 3 млн. еуроға әдейі көтерілгені мәлім болған.

Астанада түнгі клубтар аумағында 2013 жылы атыс ұйымдастырған қылмыстық топ көшбасшысы ұсталды деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

«Ахметов ісі» бойынша сотта түсінік берген сотталушы Думан Нұрбаев сотталушы Әлжан Ақмолдаевтың (Қазақстандық өнеркәсіптік корпорацияның бұрынғы вице-президенті) нұсқауымен Дубайдағы«Al Karada General Trading LLC» компаниясының шотына 1 млн. доллар ақша аударғанын айтты.

«Ахметов ісі» бойынша 26 қазандағы сот отырысында Қарағанды қаласының индустриалдық паркіндегі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын салу кезінде бюджет қаражатын ұрлау эпизодын қарау барысында сотталушыларға (С. Ахметов, Ғ. Мұхамбетов, А. Ессе, Ә. Ақмолдаев, О. Айменбетов, Б. Искаков, Д. Нұрбаев) «ММИП» ЖШС-нің директоры В. Ивановтың атынан азаматтық шағым түсті.

«Ахметов ісі» бойынша сот отырысында жауап берген Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары Николай Тихонюк индустриалдық парктегі нысанды салу барысында заң бұзушылықтарға жол берілгенін мәлімдеді.

26 қазанда Қарағанды облыстық сотында «Ахметов ісі» бойынша куәгерлерден сотта жауап алу одан әрі жалғасты.

26 қазанда Қарағанды облыстық сотында «Ахметов ісі» бойынша куәгерлерден сотта жауап алу одан әрі жалғасты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші