Заң-заман - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Заң-заман

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі - Бақытбек Есентаев колонияға жеткізілді деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда Шымкенттегі студентті қорлау видеосы жарияланған болатын. Мұнан кейін іске араласқан ОҚО ІІД мамандары аталған оқиңғаның биыл 29 қаңтарда қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде орын алғанын анықтады.

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында 2016 жылы 320 ұрлық қылмысы тіркеліп, оның тек 19-ы ғана ашылыпты. Сол 19-дың 10-ы бойынша ұрыларды жәбірленушілердің өздері ұстап берген. Бұл туралы бүгін ОҚО прокурорларының есептік жиынында айтылды.

Спирттік ішімдікке тойып алып, көшенің ортасында дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмысынан қуылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға Ақсай қаласындағы балабақшаның алдында орын алған болатын.

Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында екі бірдей ірі шенеунік пара алды деген айыппен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының мамандары өңірлердің ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау басқармаларынан өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған.

Шымкенттегі орталық көшелердің бірінде кеше жолаушыларға лық толы автобус пен Газель микроавтобусының соқтығысқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға куә болған "Отырар" телеарнасының тілшілері жараланғандардың көп екенін, жедел жәрдем станциясы 7 адамды ауруханаға алып кеткенін мәлімдеген еді. Алайда, ОҚО ІІД ауруханаға тек 1 адамның түскенін айтып отыр.

Қайғылы оқиға былтыр қазан айында орын алған еді. Жолаушылар автобусының жүргізушісі көлік тізгінін өзінің жүргізуші куәлігі жоқ көмекшісіне берген.

Алматыда 28 жастағы банк қызметкері Нұршат Розиевтің өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде жарыссөз аяқталды деп жазады Tengrinews.kz. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор және күдіктілер мен жәбірленушілердің адвокаттары сөз сөйледі.

Шымкенттік полицейлер такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай қолға түсірді.

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Игорь Алексеенко ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен 20 жылға бас бостандығынан айырылды, соның бес жылын ерекше тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады деп жазады «ҚазАқпарат».

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші