Соңғы жаңалықтар

ІІМ
ІІМ өздерін «бандит» деп атаған полицейге қатысты түсінік берді

ІІМ өздерін «бандит» деп атаған полицейге қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желіде өздерін «бандит» деп атаған полицейлерге қатысты  Ішкі істер министрлігі түсінік берді. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлайды. 

«Полиция бандиттері»: Желіде әріптестерін жаңа жылмен құттықтаған полицейдің видеосы жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісінде өздерін «бандит» деп атаған полицейлердің видеосы тарап кетті. Видеоны парақшасына жариялағандардың бірі Айгүл Орынбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жариялап, өз масқараларын шығарған құқық қорғау қызметкерлерінің әрекетін түсіндіруді сұрады. 

Белгілі журналист шешініп әшекей таққан қызды елден қууды талап етті

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы шешініп қазақы әшекей таққан Шырын Нарчаеваны елден қууды талап етіп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне үндеу жариялады. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік қызметі күшейтіледі

ҚР Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік қызметі күшейтіледі. Бұл туралы бүгін «Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы» атты конференция барысында  ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрі Ақтаудағы жарылысқа қатысты пікір білдірді

Маңғыстау облысының құқыққорғау органдары кеше кешке Ақтауда металл қабылдау пунктінде болған жарылыс себебінің екі нұсқасын анықтап жатыр. ІІМ Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, жарылыс белгісіз бір заттан немесе газбен жұмыс істейтін металл кесетін құрылғыдан болуы мүмкін деп жазады Baq.kz.

ІІМ қазақстандықтарға жеке куәлікті жыл соңына дейін ауыстыруды ескертті

Қазақстанда жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат азаматтарға 2009 жылдан бастап беріліп келеді. Оның жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталатындықтан, ҚР ІІМ жеке куәлікті уақытылы ауыстыру туралы ескертті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қасымов заң бұзғандардың суретін не видеосын жібергендерге ақша төлемек

Қылмыс жасағандарды фото, видеоға түсіріп, табыс табуға болады. Ішкі істер министрлігі жедел ақпарат жеткізгендерге ақша төлемек. Ол үшін көшеде, қоғамдық орындарда заң бұзушылық байқасаңыз, ұялы телефонға түсіріп полицияға жіберу қажет. Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов министрліктегі басшыларды жаппай қысқартпақ. 450 лауазымды қызметкерді жұмыстан босатып, миллиардтаған қаржы үнемдемекші деп хабарлайды КТК арнасы. 

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетіндегілер Facebook әлеуметтік парақшасында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту жасады.

«Абайлаңыз – көктайғақ! Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Алдымыздағы бірнеше күнде, еліміздің кейбір өңірлерінде синоптиктер жолда қардың қалың түсуі мен көктайғақтың болуын болжап отыр. Осыған байланысты, көлік құралының жүргізушілеріне жолда өте сақ болуы керек екенін, әсіресе балалардың оқу ошақтарының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында жылдамдық режимін, ара-қашықтықты және Жол жүрісі қағидаларының басқа талаптарын сақтау керек екенін еске саламыз», - делінген 14 қазанда жарияланған хабарламада. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

ІІМ: «Жалған ақпарат таратқандар 5 жылға сотталуы мүмкін»

Ағымдағы жылдың басынан бері жалған ақпарат таратудың 46 фактісі тіркелді. Мұндай құқық бұзушылық жасағандар ауырлығына байланысты 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты.

АҚШ азаматы Қазақстан ІІМ генералын бизнесін тартып алды деп айыптады (ВИДЕО)

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері АҚШ азаматының Павлодар облыстық ІІД басшысы Амантай Әубәкіровті рейдерлік жасады деп айыптауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.