Бауырластыққа бұрып, Әзірбайжанды таңдасақ, онда ОДКБ мен ЕАЭС-те мәселе туындайды, одақтастық принципіне сүйеніп Арменияны таңдасақ, онда түркі халықтары алдында қарабет боламыз.
Белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның ойынша, бұл шайқаста екі ел "қанға қан, жанға жан" принципін ұстанған. Оңайлықпен берілмейтін екі елдің арасындағы қазіргі шиеленістің соңы шығыны көп соғысқа әкелуі мүмкін.