Соңғы жаңалықтар

Арыс қаласы
«Өліп қаламын деп ойладым»: арыстық бала жарылыс кезіндегі жантүршігерлік оқиғаны айтып берді

«Өліп қаламын деп ойладым»: арыстық бала жарылыс кезіндегі жантүршігерлік оқиғаны айтып берді

10 жастағы Саян Қабылов Арыстағы жарылыс кезінде туғандарын қалай тапқанын айтады. Жаттығуға кетіп, ата-анасынан алшақ жүргенде снарядтың атылғанын көрген жеткіншек туғандары үшін алаңдағанын жеткізді. Ол сабыр сақтап, қауіпсіз орын іздегенін есіне алды.

Асқар Мамин Арысқа келді

Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарына тартылған бірқатар облыс пен аудандарға қарасты секторларды аралап көрді.

Арыстағы жарылыс: қала ішінде жалғыз қалған азамат оқиғаны толық баяндап берді

Оқ-дәрі қоймасы осы жерден тікелей тартқанда 7 шақырымдай қашықта, дегенмен бізге көрініп тұрады. Біраздан соң қаптаған адам, автокөлік нөпірі басталды. Әйелім үрейленіп, не істейміз деп жүр. «Қашыңдар!» – дедім. Олар да жұртпен бірге кетті. Он минут уақыт ішінде жалғыз қалдым.

4 адам кенеттен қайтыс болды: Арыста қауіп тараған болуы мүмкін

Арыс қаласында орын алған жарылыстан кейін өлім-жітім бірінен соң бірі көбейді.

Арыс қаласында қанша үй қалпына келтірілді?

Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс.

Арыстағы жағдай біраз шенеуніктің бетпердесін шешті - Айгүл Орынбек

«Асқар Мырзахметов ағамызды ғана мықты кризис менеджері ретінде мойындайтын едім».

Арыста «Луна» бомбасы жайлы ақпарат таратқан әйел кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Мен Арыс қаласының тұрғыны, Жақсылықова Роза Оспанхановна, 12-15 шілде аралығында WhatsApp желісі арқылы қаладан «Луна» бомбасы шығарылмақшы болып жатқандығы туралы жалған ақпарат тараттым», - деді ол.

Қорғаныс министрі Арыстағы жарылысты табиғи апатқа теңеді (ВИДЕО)

«Ол кінәлі деп айтуға болмайды. Ол табиғи нәрсе. Әрбір нәрсенің қауіптері бар. Әзірге кешірім сұрайтын нәрсе көріп жатқан жоқпын», – деді ол.

Алматы облысы тарапынан Арыстағы 157 жекеменшік үй қалпына келтіріледі

Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы жұмыс тобы жүр деген облыс басшысы құрылыс бір айдың ішінде бітуі тиіс екендігін алға тартты.

Арыстағы жарылыстан жараланған 50 адам ауруxанада жатыр

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ауруханаларда 50 пациент ем алып жатыр.