«Аталған мәселеде ата-аналарға мұғалімдермен бірдей жүк түседі. Сондықтан біз оларға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз», – деді Асхат Аймағамбетов.
Қазақстанда шалғайдағы ауылдарда интернет жылдамдығы баяу екенін, кейбір отбасылардың интернетке қосылмағанын айтып, мәселеге уайымдайтын ата-аналар да бар.
Мақаламызда еліміздегі мектеп оқушыларына сабақты телеарналар арқылы өткізу ұсынылған болатын. Осы орайда, Асхат Аймағамбетов сол мәселеге кеңірек тоқталған екен.
«Астана мен Алматының іргесіндегі ауылдарда интернет жоқ болған соң алыстағы мектептердің жағдайын сұраудың қажеті жоқ», - дейді «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігі тобының жетекшісі.