Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы
Атырау облысында кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер сотталады

Атырау облысында кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер сотталады

Атырау облысында жұмысынан шығып қалған екі полиция қызметкері бұзақылық жасағаны үшін сотталады. Тергеу материалдарына сәйкес, олар кафе иесіне жеке мәселелері бойынша шабуыл жасаған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Атырау облысында жол апатынан 2 жігіт қаза тапты

Атырау облысында болған жол-көлік оқиғасынан екі жас жігіт қаза тапты деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ІІД-нің басшысы казиноға барғанын мойындады (ВИДЕО)

Атырау облыстық ІІД-нің басшысы Аян Дүйсембаевтың казинода отырған сәті түсірілген видеоролик бүгін әлеуметтік желілер арқылы тарап, қоғамда қызу талқыға түсті. Видеоны таратушылар шенді полицейдің 1 миллион 300 мың доллар ұтылып қалғанын да жазған. Алайда, облыстың бас полицейі бұл ақпараттың толықтай шындыққа жанаспайтынын айтып, мәлімдеме таратты.

Бір адамды 52 рет пышақтап өлтірген қылмыскер сотталмайтын болды

Құрбанын 52 жерінен пышақтап өлтірген азамат кінәсіз деп табылып, сот залынан босап шықты деп жазады Мой город.

Құлсарыда жолды жауып, көлік кептелісін туғызған той кортежінің жүргізушілері жазаланды (ВИДЕО)

Атырау облысының Құлсары қаласында жергілікті полиция қызметі той кортежінің барлық жүргізушісін жауапқа тартты. Көлік кептелісін туғызған жергілікті тұрғындар енді ірі көлемде айыппұл төлейді деп жазады "Мой Город" порталы.

«Намазхандар ағамды тепкілеп, құлағын кесіп алды»: Құлсары тұрғыны ауылдастарының үстінен шағымданды

Атырау облысы Жылой ауданы Құлсары қаласының 51 жастағы тұрғыны Жұматай Масабаевты өз ауылдастары соққыға жығып, құлағын пышақпен тілген. Жәбірленушінің қарындасы Мейрамгүл Масабаева Sn.kz порталының редакциясына хабарласып, болған жайттың мән-жайын айтып берді.

Бергей Рысқалиев табылды. Бірақ Қазақстанға келмейді

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондонда жүргені анықталды. Бұл туралы қоғам белсендісі Серікжан Есенғосұлы өзінің Facebook-парақшасына жазып, екеуінің бірге түскен фотосуретін жүктеді.

Атырау облысы әкімдігі шағын ғана ғимаратты жаңартуға 6 млрд теңге бөлген

6 миллиард 320 миллион теңге! Атыраулық атқамінерлер облыстық әкімдік жанындағы қосымша ғимаратты жаңарту үшін осындай қаражат бөліп отыр. Ал 2001 жылы тұрғызылып, осы уақытқа дейін әп-әдемі болып тұрған 3 қабатты ғимараттың бүгінгі қалпының кімге ұнамай қалғаны белгісіз деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Атырауда спорт үйірмесінде кішкентай бала қайтыс болды

Атырауда он екі жастағы бала тхэквондо жаттығуынан кейін көз жұмды, деп жазады жергілікті "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап sputniknews.kz.

Атыраулық ұры құрбанын 40 рет пышақтап тастаған

Атырау облысында ұры 54 жастағы әйелді айуандықпен өлтірді деп жазады "Ақ Жайық" порталы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.