Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетика

Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралуы мүмкін

Қазақстандық даңқты ауыратлет Илья Ильин үлкен спортқа оралу-оралмауы биыл күзде шешілетінін мәлімдеді. Бұл тралы ол Vesti.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Подобедова, Чиншанло және Манеза Олимпиада алтынынан айрылды

Ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпиондары Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза бұл атақтан айрылды. Халықаралық олимпиада комитеті Лозаннада өткен жиында осындай қатаң шешім шығарды деп жазады Informburo.kz.

Жазира Жаппарқұл: «Спорт залына әкемнен тығылып баратынмын»

Ауыр атлетикадан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл өзінің үлкен спортқа қандай қиындықпен келгенін айтып берді. «Астана» телеарнасының «Аналар» бағдарламасына сұхбат берген даңқты спортшы жаттығу залына ата-анасынан жасырынып барғанын жасырмайды.

Рио-2016: Жазира Жаппарқұл - Рио олимпиадасының күміс жүлдегері

Қазақтың ауыратлет қызы Жазира Жаппарқұл Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз қос жаттығу нәтижесінде 259 келіні бағындырып, тек қытайлық спортшыға есе жіберді.

Илья Ильиннің жеке бапкері спорттан кететінін мәлімдеді

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің жеке бапкері Тойшан Бектеміров спорттан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында айтқан. Спорт маманы әлі соңына жетпеген допинг дауына қатысты ойымен бөлісіп, осы тақырып төңірегіндегі бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Пекин олимпиадасындағы екі медалінен айрылуы мүмкін

Бұған дейін Пекин олимпиадасына қатысқан 6 қазақстандық спортшының допинг-сынамасынан тыйым салынған препараттың табылғанын айтқан болатынбыз. Олардың екеуі ұлттық құрама қоржынына 1 күміс және 1 қола медаль салған ауыратлеттер: Ирина Некрасова мен Мария Грабовецкая болып шықты.

Ильинді допинг пайдаланды деп айыптаған Седовтың өзі допинг дауына ілікті

Бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған қазақстандық ауыратлеттердің қатары тағы бір спортшымен толықты. Әлем және Азия чемпионы, Пекин Олимпиадасында 4-орын алған Владимир Седовтың да допинг-сынамасынан WADA (бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік) мамандары тыйым салынған препарат тапты деп жазады Informburo.kz.

Қазақстан ауыратлеттері Олимпиада алтындарынан мүлдем қағылуы мүмкін

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Пекин олимпиадасының сынамаларын қайта тексергенде допинг іздері табылған спортшылардың тізімін жариялады деп жазады Азаттық тілшісі.

Алексей Ни допинг дауының қолдан ұйымдастырылғанына сенімді

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни отандық Олимпиада чемпиондарының басына үйірілген допинг дауына қатысты өз ойымен бөлісті деп жазады Vesti.kz. Оның айтуынша, ұлттық құрама спортшыларымыздың кінәсіз екенін арбитражды сотта дәлелдейтін болады.

Ильин Олимпиада медалінен айрылса Үкімет берген сыйлықтарын кері қайтарып алады ма?

Бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясынан келген жағымсыз жаңалықты төбемізден жай түскендай қабылдадық. Иә, бір емес, төрт бірдей атлетіміз допинг дауына ілігіп отыр. Төртеуі де Лондон олимпиадасының чемпиондары. Олимпиаданы екі рет, әлем чемпионатын бес рет жеңіп алған әйгілі ауыратлет Илья Ильин де осы "қара тізімде".