Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетика

Седов ауыратлеттердің допинг дауына ілігуіне бас бапкер Ниді кінәлады

Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов Лондон Олимпиадасының алтынын алған қазақстандық төрт спортшының допинг дауына ілігуіне ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ниді кінәлады.

Илья Ильин мен қазақстандық үш Олимпиада чемпионы жарыстардан шеттетілді

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин мен Лондон олимпиадасының чемпиондары Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова допинг дауына байланысты жарыстардан уақытша шеттетілді. Төрт спортшының қанына жүргізілген талдаулар онда рұқсат етілмеген затардың бар екенін анықтаған көрінеді. Бұл туралы ақпарат Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтында жарияланды.

Қазақстандық ауыратлет допинг дауынан кейін Әлем чемпионатының алтынынан айрылды

Қазақстандық ауыратлет Татьяна Капустина допинг пайдаланғаны үшін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы деген атағынан айрылды деп жазады Vesti.kz.

Ауыратлеттердің қанында допингтің болғандығын федерация жоққа шығармайды

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп, допинг күдігіне ілінген үш атлетіміздің ағзасына тыйым салынған заттың қалай түскендігін зерттеуге кірісті деп хабарлайды Федерацияның баспасөз қызметі. Естеріңізде болса, бұған дейін АҚШ-тағы әлем біріншілігінде топ жарқан Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевты және жас спортшы Ермек Өміртайды Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допинг қолданған деп айыптаған болатын.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы $50 000 айыппұл төлейді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстанға спортшыларының допинг күдігіне ілінгені үшін 50 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Бұл жайында Болгарияның "Фокус спорт" басылымы хабарлап отыр.

Қазақстандық ауыратлеттердің спорттан шеттетілуі "саяси ойын" болуы мүмкін

Күні кеше Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Хьюстондағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен 17 атлетті уақытша спорттан шеттеткен болатын. Олардың қатарында Қазақстанның үш өкілі де бар. Атап айтқанда, Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов және Ермек Өміртай тыйым салынған препараттар қолдануы мүмкін деген күдікке ілініп отыр. Олардың тағдырын қосымша жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары шешетін болады.

Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевты және Ермек Өміртайды спорттан уақытша шеттетті. Қазақстанның үш атлеті де допинг пайдаланды деген күдікке ілінген. Бұл жайында  sportsintegrityinitiative.com порталы мәлімдеді.

Илья Ильин 5 жылдан кейін спорттан кететінін айтты

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин спорт нақты қай уақытта қош айтысатынын мәлімдеді деп жазады Vesti.kz.

ОҚО әкімі ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне 4 миллион теңге табыстады

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Ж.Жаппарқұл мен оның бапкері - ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері В.Нюді қабылдады.

Қырымбек Көшербаев Александр Зайчиковке 3 бөлмелі пәтер берді

Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев зілтеміршілер Александр Зайчиков пен Алмас Өтешовты қабылдап, құрмет көрсетті.