Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова

Танымал өнер жұлдыздары Айжан Байзақованың бұрын әдепті қыз болғанын айтты

Айжан Байзақованың ерсі әрекеті ер азаматтардан бөлек, қыз-келіншектерді де бей-жай қалдырмаған сыңайлы. Отандық шоу-бизнестегі танымал нәзік жандылардың бір тобы атышулы бикештің жағымсыз қылықтарын қолдаса, енді бірі қоғамнан аластатуды сұрап отыр.

«Мен өмірде Айжанмен таныс емеспін. Менің көп таныстарым ол қызды таниды екен. Бірақ өмірде ол өте жақсы қыз дейді. Сыпайы, қарапайым қыз екен. Яғни, бұл істеп жүрген әркеттерінің барлығы актерлық шеберлігі. Инстаграмдағы образы осындай. Сондықтан мен ол қызды қазір жамандай алмаймын. Менің ойымша да Айжан Байзақова өте жақсы адам сияқты», – дейді Анар Батырхан.

Актриса Анар Батырханның бұл сөзін Ақерке Бүркітбай да растайды. «Асыл» тобының әншісі кезінде Байзақовамен түсірлім алаңында танысқан екен.

«Осыдан жеті жыл бұрын Айжанмен бір телесериалға түскен болатынмын. Ол кезде ол өте бір сондай қазақи, тұйық, тәртіпті, өте әдепті қыз болатын. Кейін мүмкін ішінде жатқан нәрсесін шығарғысы келді ме? Мүмкін осы өмірге деген ренішін немесе ер адамдарға деген реніші болды ма білмедім. Бірақ ішіндегісін айтып жарылды. Тіпті депутаттыққа да ұсынып кетті. Өмірде ол қыздың ондай емес екендігіне мен сенемін. Ол жан-дүниесін ашқысы келген сияқты», – дейді «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбай.

Ал, Ақбота Керімбекова Айжанды тексіз қыздардың қатарына қосып отыр. Клубта сайран салған сылқымның дер кезінде сазайын беру керектігін жасырмайды. Өйткені, өнер иесі өскелең ұрпақтың болашағына алаңдаулы.

«Айжанның бір-екі қылықтарын интернет желісінен көріп қалдым. Әрине мен үшін жат нәрсе. Жақсы адам менің түсінігімде ондай нәрсе істемейді. Жақсы адам түнгі клубта қыздарды шешіндіріп, ондай ерсі қылықтарды жасаймайды. Тегі бар, көргені бар, ақылы бар адам ондай нәрсе істемейді. Ұят нәрсе. Ертең біздің болашағымыз не болады? Өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыз көріп жатқан дүниелерін қайталайды ғой», – дейді Ақбота Керімбекова.

Зарина Омарова да ғаламторға бас сұға қалса, Байзақова жайлы жаңалықтардан көз сүрінетінін айтады. Әнші, атышулы арудың желідегі қисынсыз қылықтарын жақтыртпайтын болып шықты.

«Өзіне бір сенімді адам сияқты. Мен ондай адамдарға дұрыс қарамаймын. Өйткені ол дұрыс емес. Сен қазақ қызы болғаннан кейін, нәзік жанды болғаннан кейін ондай әрекеттерге бармау керек. Өз-өзін еркек адамша ұстап, неше түрлі айту дұрыс емес. Қазаққа тән емес, мен оны жақтырмаймын. Ол болашақ ана ғой. Біреудің жары болатын шығар. Мүмкін шет елге тұрмысқа шығып кететін шығар. Біз білмейміз ғой. Бірақ өзінің болашағы үшін ойлануы керек. Ең бастысы, қазіргі өсіп келе жатқан жастарға қандай тәрбие беріп жатқанын ұғу керек», – дейді Зарина Омарова.

Дереккөз: Stan.kz

Ақбота КЕРІМБЕКОВА, әнші: «Отбасын асырайды деген еркектеріміз жалқау, еңбек еткісі келмейді»

Жасыратыны жоқ, отандық әнші-әртістердің «ажырасып кетіпті» деген жаңалығын жиі естиіміз. Қызығы сол, ажыраса сала олар дереу үйленіп немесе күйеуге шығып алады. Жар ауыстырғандары құдды бір қолғап ауыстырғандай.

Үшінші рет күйеуге шыққан Ақбота Керімбекованың ажырасып кеткені рас па?

Танымал әнші Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғаны бұған дейін айтылған. Жуырда әлеуметтік желілерде оның осы күйеуімен де ажырасып кеткені жайында қауесет тарады. Тыңдармандарын мазалаған сұрақтың жауабын әнші «Бақытты әйел» бағдарламасында айтып берді. Жеке өмірі жайында сөз қозғаған Ақбота бұл қауесеттің жай өсек емес екенін, толықтай ажыраспағанымен ренжіскенін мәлімдеді.

Ақбота Керімбекова күйеуімен дуэтте ән айтты (ВИДЕО)

Биыл тамыз айында үшінші мәрте отбасын құрған Ақбота Керімбекова жұбайымен дуэтте ән айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды.