Соңғы жаңалықтар

Байқоңыр
Байқоңырдан тағы ғарыш кемесі ұшырылды (ВИДЕО)

Байқоңырдан тағы ғарыш кемесі ұшырылды (ВИДЕО)

Бүгін, 15 наурызда түнгі сағат 00.14-те, Байқоңырдан «Союз МС-12»  ғарыш кемесі бар ресейлік «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы NASA агенттігі мен Роскосмос хабарлады.

Байқоңыр мен Мәскеу арасына қатынайтын ұшақ тоқтатылды

Ресей Қазақстаннан жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағы мен Мәскеу арасында әуе тасымалы қызметін көрсететін «Алроса»  компаниясының тұрақты ұшақ байланысы тоқтап қалды. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады. Ресейлік әуе компаниясы өткен жылдың соңынан бастап екі қалаға жолаушы тасымалдап келген.

Байқоңыр тұрғындары ресейлік полицейлердің өздерін себепсіз сабап тастағанын айтты

Байқоңыр тұрғындары ресейлік полицейлердің себепсіз шүйлігетінін айтып жәбір көрдік деп отыр. Олардың сөзінше, полиция қызметкерлері себепсіз тиісіп, екі жігітті сабап тастаған. Сондықтан қорқып қалдық деп хабарлайды 31 арна.

Байқоңырда жүктіліктің мерзімін дұрыс қоймаған дәрігер 2 жылға сотталды

Байқоңырда акушер-гинеколог жаңа туған сәбидің өлімі үшін 2 жылға сотталды. Дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Союз» кемесі апатының себебі жарияланды

Байқоңырдан ұшырылған «Союз-ФГ» зымыран тасығышы зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің дұрыс жұмыс істемеуінен апатқа ұшыраған. Бұл туралы қазанның 31-і күні «Роскосмос» агенттігі хабарлады.

Байқоңыр апат құрбаны болғандарды еске алып жатыр

Байқоңырда 1960 және 1963 жылдары 24 қазан күні ғарыш айлағында болған апат құрбандарын еске алу шаралары өтіп жатыр деп жазады Азаттық.

Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесінің экипажы Жерге апатты жағдайда қонды

Байқоңырдан ұшырылған соң апатқа ұшыраған «Союз МС-10» ғарыш кемесінің экипажы Жерге қонды деп хабарлады Ресейдің Роскосмос корпорациясы. Экипаж мүшелері тірі, байланысқа шықты деп жазады Азаттық.

Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады

2018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды деп жазады ҚазАқпарат.

Байқоңырда әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды

Байқоңыр ғарыш айлағында жұмыс уақытында жұмыс компьютерлерімен де, жеке гаджеттермен де әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды. Бұл ақпараттың жайылып кетуінің алдын алу мақсатында жасалған делінген ғарыш айлағының директоры Евгений Раковскийдің өкімінде.

Байқоңырда Юрий Гагариннің отырғызған ағашы қурап қалды

Байқоңыр ғарыш айлағында әлемдегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин еккен ағаш қурап барады деп хабарлайды РИА Новости, ұшқыш-ғарышкер, Кеңес одағының батыры, Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешковаға сілтеме жасап.