Соңғы жаңалықтар

Байқоңыр

Жәния Джуринская неге басқа ұлттың тегін арқалап жүргенін айтты

Жәния Джуринская Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ. Бірақ басқа ұлттың тегін неге арқалап жүр? Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

Астананың төртінші ауданы ақыры Байқоңыр деп аталатын болды

Жақында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы ұсынылып, мақұлданды деп жазады «Астана Ақшамы» газеті.

Байқоңырға туристік сапарлар ұйымдастыратын туроператорлар анықталды

Байқоңырдың туристік тартымдылығын арттыру үшін қаладағы қонақ үй қорын кеңейту жоспарланып отыр деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Қазақстан Ресейге 63 мың га жерін жалға беретін болды

Бұл жерге Байқоңырдан ұшқан «Союз» зымырандарының қалдықтары құлайтын болады. Ол үшін Ресей Федерациясы Қазақстанға жыл сайын 460 мың доллар ақы төлеп отырмақ. Бұл туралы еліміздің Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау «Наш Костанай» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей тарапы қанша зымыран ұшырғысы келсе де өз еріктері.

Елімізде тағы бір велокоманда құрылды

Бельгияның Льеж қаласында «UCI Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті. Айта кетейік, бұл ұжымның негізін қалаушы велошабандоз, қазір кәсіпкер Андрей Кашечкин.

Назарбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының жақында жабылмайтынын айтты

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбаты барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағының болашағы жайында айтып өтті. Елбасының сөзіне сенсек, Ресей өз аумағында салынып жатқан «Восточный» ғарыш айлағын іске қосқан күннің өзінде Қазақстан «Байқоңырды» жауып тастамайды.

Байқоңырда Қазақстанның жүздеген азаматы жұмыстарынан айырылды

Қазақстанның жүздеген азаматы Ресей Федерациясының қаржыландыруының қысқартылуынан Байқоңырда жұмыстарынан айырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігіне сілтеме жасап «Қазақстан жаңалықтары» АА хабарлайды.

Үшінші қазақ ғарышты бағындырды

2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты.

Байқоңырда екі азамат бір топ студенттер мен оқушыларға оқ жаудырды

Байқоңыр қаласындағы аулалардың бірінде екі бұзақы оқ жаудырып, салдарынан кәмелетке толмаған жеткіншек қаза тапты. Тағы үшеуі жарақаттар алған деп мәлімдеді Ресейдің тергеу комитеті.

Байқоңырдан тағы да протон ұшырылатын болды

Ресейлік «Экспресс-АМ8» спутниктік байланысы орнатылған «Протон» ракетка тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағына орналастырылды.