Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Атамқұлов

Өңір басшысы кәсіпкерлермен кездесті

ОҚО әкімі Б.Атамқұлов облыстағы бизнесмендермен кездесті. Кәсіпкерлер форумына 200-ден астам бизнесмен мен құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық басқармалар басшылары мен аудан, қалалардың әкімдері қатысты.

Бейбіт Атамқұлов Төле би ауданында жұмыс сапарымен  болды

Өңір басшысы Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Төле би ауданына барып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Онда ол Сарқырама ауылындағы «Атамекен Корпорациясы» ЖШС-нің мал бордақылау алаңы мен сүт фермасын және сүт өңдеу цехын аралап көрді. Сонымен қатар, сол ауылда «Атамекен» корпорациясының қолдауымен салынған дәрігерлік амбулаторияда, шаштаразда, спорт алаңшасы мен ауыл ардагерлеріне арналған қымызханада болды.

ОҚО әкімі қарттар күні мерекесіне орай ардагерлермен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты дөңгелек үстелде зиялы қауым мен бірқатар ҰОС ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Енді Бейбіт Атамқұловта Қазақстанда тігілген костюм киетін болады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданы Ақсу ауылындағы ерлер костюмін тігетін республикадағы жалғыз «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасында болып, отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында өзіне "Қазақстанда жасалған" маркасымен тігілген костюм сатып алды. Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Түркістан мен Кентауда жаңа индустриалды нысандар бой көтеруде

Индустриаландыру бағдарламасы аясында Түркістан мен Кентау қалаларында жаңа 15 нысан іске қосылады. 

ОҚО әкімі индустриялық аймақтарды аралады

26 тамызда облыс басшысы Түркістан және Кентау қалаларындағы индустриялық аймақтың жұмысын тексерді.

Түркістан базарында баға тұрақты

Іс-сапармен Түркістан қаласының тыныс-тіршілігімен танысуға барған облыс әкімі сапар бағдарламасынан тыс Түркістан қаласының орталық базарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсу фактілерінің жоқтығына көз жеткізді.