Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бішкек мэрі Албек Ибраимовты қамауға алды. Комитеттің хабарлауынша, Ибраимов тергеуге бірнеше рет шақырған тергеуші қасақана елемей, (оған) "ұстауға тырыссаңдар қарулы қарсылық көрсетемін" деп қоқан-лоққы көрсеткен деп жазады Азаттық.
Алматы облысы Жамбыл ауданныда тауар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Volvo көлігі бүгін таңертең сағат жеті кезінде Алматы мен Бішкек арасындағы жолда өртенген деп жазады Sputniknews.kz.
Бішкектегі Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында ұшақ апатынан қаза тапқан Шераливетер отбасының жаназасы оқылып, бір әулеттің төрт бірдей мүшесі жер қойнына тапсырылды. Отбасының үлкен ұлы жеті жасар Жақшылық қана осынау апаттан аман қалған болатын. Ауыл халқымен бірге ол да ата-анасын және екі қарындасын ақтық сапарға шығарып салды.
«Мерке» бақылау бекетінің «Сыпатай батыр авто» бөлімшесінде кеше түнгі сағат 03.40-та «Астана – Бішкек» бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын тексеру барысында шекара наряды ерекше оқиғаға тап болды. Автобустың 1 адам әрең сиятын дәретханасын тексеру кезінде тәртіп сақшылары 5 бірдей қырғыз азаматының жасырынып отырғанын анықтаған.