Облыстық әкім Даниал Ахметов қара түсті Lexus LS-460 маркалы автокөлігінің иесі екен. Баспасөз-хатшысының айтуынша, әкім бұл көлікті тек қала ішіне мінеді, ал таулы аймақтағы аудандарды аралағанда жол талғамайтын көлікке отырады.
Әуелі басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов облыстағы қажетті тұстарға қар тосқауылдайтын шарбақтар мен уақытша жол белгілері қойылып жатқанын, күрегі бар техникалардың сақадай сай тұрғанын баяндап шықты.
«Шығыс Қазақстан облысындағы жерлер шетелдік азаматтарға сатылмайды деп сеніммен айта аламын. Осы уақытқа дейін жер жалға беріліп келді, алайда, сатылған жоқ. Соңғы ақпарат жалған екенін ескертемін», - дейді облыс басшысы.