Соңғы жаңалықтар

депутат

Әзірбайжандық жігіт үшін төбелескен екі қазақстандық қызды ҚР Мәжіліс депутаты ажыратты

Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық Тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская интернет қолданушылармен Түркияда болған келеңсіз жайт жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Тengrinews.kz

«Біздің елдің екі қызы әзірбайжандық жігітке бола жаға жыртысқанының куәсі болдым. Полиция шақырдық. Тіпті, не айтарымды білмеймін. Бүкіл қонақүй 4 күннен бері осы жағдай жайлы айтуда» деп жазады Романовская өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында. Бұл оқиға Белек деген шипажайлы қалада орын алған. 

Жазбасының астында депутат пікір білдіріп, өзі де төбелесті тоқтатпақ болып, қыздарды ажыратқанын жазады. 

«Бұл оқиға қыздардың бірінің шешесіне де оңай тиген жоқ. Мен де төбелескендерді сабасына түсіруге тырыстым (бірақ видео жоқ)», дейді депутат.

Мәжіліс депутаты жамбылдық зейнетақы салымшылары санына сенбейді

Мәжіліс депутаттары Қожахан Жабағиев пен Надежда Нестерова Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында болып, «Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бекназаров босатылып, Түсіпбеков тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Цесна» корпорациясының басшысы сенаторлыққа ұсынылды

Астана қалалық мәслихат депутаттары өз орталарынан Парламент Сенатына үміткер ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz.