Димаштың қолы көбіне дәрігер, мұғалім, емші сынды өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүретін мамандықтағы адамдардікіне келеді. Бас бармағының бүгілгіштігі ой-санасының ашық, ойлау қабілетінің жүйрік екенін, өзгенің пікірін сыйлай алатынын білдіреді. Мұндай адамдар жылдар өте келе парасатты, дипломатты адам болады.