Соңғы жаңалықтар

Диплом
Жемқорлықты болдырмау үшін: Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмек

Жемқорлықты болдырмау үшін: Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмек

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа амалын ұсынды.

2021 жылдан бастап университет түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

Қазақстанда 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Айтбаев Димаштың болашақта ұстаз болуы мүмкін екенін айтты

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының болашақта ұстаздыққа бет бұруы мүмкін екенін 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты.

“Дипломын өзі жазып шыққанына рахмет”: Желі қолданушысы Мейрамбек Беспаевты сынағандарға жауап берді

Осыдан 1-2 күн бұрын ғана Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Мырзантай Жақып мемлекет есебінен оқыған әртістердің бір сыпырасын айтып, бәрінің масқарасын шығарған. “Олардың сабаққа келуінің өзі бір шоу” деп ашынған профессор Мейрамбек Беспаевтың да сол көште екенін жеткізген. Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде Заңғар Кәрімхан Беспаевты былайша ақтап отыр.

«Ешкімнің қызметіне таласқан емеспін»: Магистр атанған Мейрамбек Беспаев өзін сынағандарға жауап берді

Әлеуметтік ғылымдар магистрі атанған әнші Мейрамбек Беспаевтың диплом алғанына қуанғандармен бірге сынағандар да бар. Соған байланысты қазақтың қоңыр үнді әншісі өзіне қаратып айтылған, «Әнші – магистр мен докторларға айналды» деген сын пікірге жауап берді.

«Қадірлі, достар! Өкінішке қарай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі журналист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты. Менің өнерде өз жолым бар. Ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін», – деп жазды Мейрамбек өз Instagram-парақшасында.

Бүгін ғана магистр атанған әнші дипломды өзінің адал білімімен алғанын айтады. Диссертациясын Түркия, Әзербайжан елдері елшілігінің қатысуымен қорғаған. Сол себептен де әнші жұрттың өзіне күмән келтірмеуін сұрайды.

 

Димаш Құдайберген диплом алды

Танымал әнші Димаш Құдайберген жоғарғы оқу орнының дипломын алды. Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында жазды.

68 жастағы зейнеткер немересімен бір күнде диплом алды

АҚШ-та 68 жастағы зейнеткер мен оның 22 жастағы немересі бір күнде университет бітірді. Бұған дейін әжесі мен немересі үй тапсырмасын бірге орындап, емтиханға да бірге дайындалып келген деп хабарлайды шетелдік CTV арнасы.

Шымкентте сперма тапсыру үшін де ЖОО дипломы қажет

Шымкенттегі ЭКО орталығының мамандары ұрық өткізетін ер адамдарға қандай талаптар қойылатыны туралы айтып берді. Мәселен, сперма доноры атану үшін түрлі мемлекеттік мекемелерден берілетін анықтамаларды айтпағанда, ЖОО бітіргені туралы диплом да қажет екен. Сондай-ақ, оқыған мамандығың бойынша жұмыс істеуің де міндетті деп жазады tvk-uko.kz.

Білім саласында жалған дипломмен жұмыс жасағандар анықталды

Ақтөбе облысының прокурорлары өңір мектептерінде  мұғалімдердің жалған дипломдармен жұмыс істеудің 7 фактісін анықтады.