Соңғы жаңалықтар

Елбасы
Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (ВИДЕО)

Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (ВИДЕО)

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде қорытынды сөз сөйлегеннен кейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні шырқалып жатқанда көзіне жас алды.

«Біздің мақсатымыз ел тұрғындаырының жағдайын жақсартып, қоғамды одан ары өркендету. Барлық елдермен салыстырғанда біз үлкен де, кіші де мемлекет емеспіз. Мынау кеңістіктегі жағдайымыз қиын да, оңай да екі жағдай да бар. Осындай заманда артта қалмау үшін, басқа елдің шаңын жұтпау үшін, бірлік керек. Бірақ біздің жағдайымызда керауыздарға сөз беріп қойсақ, елдіктен айрыламыз, тәуелсіздіктен жұрдай боламыз», –  деді Елбасы.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде  елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын айтқан болатын. 

«Елбасы басқарған кездегідей тыныш болса»: елордалықтар жаңа президенттен не күтеді? (ФОТО)

«Елбасы басқарған кездегідей тыныш болса». Осылай деген елордалықтар болашақ мемлекет басшысынан не күтетінін, алда қандай мәселелерді шешу керек екенін айтты. 

Жәнібек Жұмабеков, дыбыс режиссері 

Кезектен тыс сайлау өтетініне қуаныштымын. Елді билеуге жас адам келеді деп ойлаймын. Осы орайда Елбасына алғыс айтқым келеді. Уақыт өз дегенін алады. Енді күш-қайраты тасып тұрған адам президент болуы керек. Жақында ғана Тоқаев өз сөзінде сайлаудың әділ өтетінін айтты. Солай болады деп сенемін. 

Әбдіқадыр Сабыр, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры

Жаңа сайланатын президент қазақ тілінің мәселесін шешеді деп ойлаймын. Сондай-ақ жемқорлықты жойып, кіші және орта бизнеске демеу болса. Және әлеуметтік сұрақтар да шешімін тапса деймін. 

Жанар Тұрымбаева, кітапхана қызметкері

Біріншіден сайлаудың әділ өткенін қалар едім. Сосын кітапхана қызметкерлерінің жалақасы өссе деймін. Мұғалімдердің еңбегі бағалансын. Зейнетақы көбейіп, Елбасымыз айтқандай экномикамыз алға жылжыса екен. 

Балқаш Жұбатқанқызы, тұрғын

Барлығы халық үшін жасалуы керек. Жастардың шет ел асып кетпеуі үшін оларға жағдай жасаған дұрыс. Жатақханамен қамтамассыз ету керек.  Елбасымыз басқарған кездегідей бейбіт болсақ деймін. 

Мәди Асылхан, студент

Мен Тоқаевтың кезектен тыс сайлауы туралы шешімін қолдаймын. Өзім де Тоқаевқа дауыс беремін. Алда оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы көтерілсе деймін. 

Аида Сағатбекова, туристік фирма директоры 

Жаңа прездент Елбасының саясатын жалғастырып, елімізді одан әрі дамытсай деймін. 

Туристік салада қызмет ететіндіктен Қазақстандағы туризмді  қолға алып, Түркістан, Самарқанд, Бұқара баратын арнайы туристік кластер жасалса екен.

Сандуғаш, декреттік демалыстағы ана

Баланың бір жасына дейін ғана айлық жәрдемақы аламыз. Ал декреттік демалыс 3 жыл. Жәрдемақыны да 3 жылға дейін ұзарту керек. Жалақаны да көбейту керек. Назарбаевтың кезінде бәрі тыныш еді. Солай боп қалса екен. 

Наталья, зейнеткер

Зейнеткерлер әлі кімге дауыс беру керек екенін білмейді. Жаңа президент денсаулыққа көңіл бөлсе жақсы болар еді. Қазір емханаға барсам, 60 жастағы менімен ешкім де жөнді сөйлескісі келмейді 

 

Зульфия РАИСОВА

Фото: Ертай ЫДЫРЫШ

Ұлттық банк пен Үкімен қазақстандықтарға үндеу жасады

Үкімет пен Ұлттық Банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық процестерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясат сақталатыны туралы мәлімдейді деп жазады премьер-министрдің ресми сайты.  

Төреғали Төреәлі Елбасы мінген ер-тоқымға отырғанын мақтанышпен жеткізді

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі Елбасы мінген ер-тоқымға отырғанын айтып, Instagram-парақшасындағы тыңдармандары алдында мақтанды.

«Тарихи Отанымда өмір сүруге мүмкіндік беріңіздерші»: Сайрагүл Сауытбай Елбасыдан көмек сұрады

«Тарихи Отанымда өмір сүруге мүмкіндік беріңіздерші». Осылай деген этникалық қазақ Сайраүл Сауытбай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап, видеоүндеу жолдады. Видеоны белгілі тележурналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Газонды елбасына көрсетуге ғана қоямыз»: Желіде жұмысшылардың жасыл желекті жинап жатқан видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Желіде жерге төселген газондарды жинап жатқан жұмысшылардың видеосы жарияланды. Онда автор елбасы кеткеннен кейін көшедегі жасыл желекті жинау науқаны басталғанын айтып наразылығын білдірген. Видео whatsapp желісі арқылы тарап жатыр.

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады деп жазады 24.kz.

Өзге елдердің мемлекет басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет елдерден оның туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтау хаттары келіп түсті деп жазады 24.kz.

Президент үндеген челлендж: БҚО әкімі турникке тартылды (ВИДЕО)

Қазақстанда бастау алған спорттық эстафета елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болған еді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын акцияны Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жалғастырды.