Соңғы жаңалықтар

Елбасы

Н.Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Оңтүстік Кореяда ресми іс-сапарда болған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта жұмыстың қауырттығынан ұйқыны ұмытқанын айтты деп жазады Tengrinews.kz.

Астана күніне орай қала халқының саны бірден 120 мың адамға өсуі күмән туғызуда

Бүгін Астана күні мен Елбасының туған күні қарсаңында елорданың 1 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді деген жағымды ақпарат барша қазақстандықты қуантқаны белгілі. Небәрі 18 жылда 1 миллион халқы бар мегаполиске айналу расымен де үлкен жетістік. Алайда, жергілікті билік өкілдерінің және статистика мамандарының небәрі 2 айда Астана тұрғындарының санын 120 мың адамға өсіруі жұрттың күмәнін туғызуда.

Әділетсіздіктен әбден ашынған журналист Елбасыдан уәдесінде тұруды сұрады

Биыл ақпан айының басында Алматыда өткен жиындардың бірінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы орысша талап-арызға қазақ тілінде жауап берген мемқызметкерлерді жұмыстан қуу керектігін айтқан болатын. Президенттің бұл сөзі артынша әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Елбасының кітабы Еуропада 17 мың теңгеге сатылып жатыр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Leadership Perspectives» атты кітабы ірі халықаралық интернет-дүкенде сатыла бастады деп хабарлайды SN.

Елімізде жаңа министрлік пайда болды

Елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі пайда болды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Осыған сәйкес, Мемлект басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа ведомство құру туралы қаулысы шықты.

Елбасы жаһандық дағдарыстан шығудың нақты бағытын айқындап берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық дағдарыстан шығудың 5 нақты бағытын айқындап берді. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар және даму» атты Жолдауын жария еткеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов білдірді.

«Самұрық-Қазына» холдингі жойылып кетуі мүмкін

Бүгін Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке мемлекеттік меншіктегі барлық ұйымдарды, соның ішінде «Самұрық-Қазына»,  «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингтерінің барлық ұйымдарын қамтитын жаңа жекешелендіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

​Елбасы ел кәсіпкерлеріне үндеу тастады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайындағы кезекті Жолдауында қаражаты шетелде жатқан қалталы азаматтарымызға арнайы үндеу жолдап, елдегі кәсіпорын, мекемелерді сатып алуға шақырды.

«Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды.

Елбасы 30 қарашада халыққа кезекті жолдауын арнайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 қараша күні Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнайды деп хабарлайды "Новости-Казахстана" АА.