Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.
Ұлттық жоспар шеңберінде министрлік азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша заң жобасын әзірледі. Заң жобасы 80-нен астам нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізуді көздейді.
2020 жылғы 1 қарашаға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 45 507 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 42 614 теңгені құрады.
2020 жылғы 13 мамырда Мемлекет басшысы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жекелеген мөлшерлерді белгілеу арқылы осы жәрдемақыны кеңейтуді қамтамасыз ететін заңға қол қойды.
Көп жылдан бері құқық қорғау саласында абыройлы қызмет атқарған Қанат Отарбаевтың артында әйелі мен үш баласы, ал Қанат Хамидулиннің 7 жасар ұлы мен аяғы ауыр әйелі қалды.