Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс
Мәжіліске келіп орысша сөйлеген шенеуніктер Смағұловтың ашуына тиді

Мәжіліске келіп орысша сөйлеген шенеуніктер Смағұловтың ашуына тиді

Үкімет сағатында орыс тілінде сөйлеген Алматы облысы мен СҚО әкімдерінің орынбасарлары мәжілісмен Бақытбек Смағұлдан сөз естіді деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Мәжіліс қаржы министрі кандидатурасын мақұлдады

Мәжіліс Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады.

Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Президент каникулдан келген депутаттарды қарсы алып, кезекті сессияны ашық деп жариялады.

Бүгін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді

1 қыркүйек күні сағат 11:00 Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

15 маусымда Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді

15 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін болды. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Дархан Мыңбайды Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нұрлан Нығматулин қазақша баяндама жасаған депутатты мақтап, биліктегі «шала қазақтарға» оны үлгі етті

Бүгін мәжілісте депутат Наринэ Микаелян "Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша қосымша баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасап шықты деп жазады sputniknews.kz.

Заңгер: «Депутаттарды халық сайлап алған жоқ»

Күні кеше Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Астанада өткен жиындардың бірінде отандық БАҚ өкілдері арқылы «депутаттарды жиі сынайсыздар, оларды сайлаған өздеріңіз» деп қоғамға ренішін білдірген болатын. Ал, танымал заңгер Джохар Утебеков болса сенатордың бұлай деуі еш қисынға келмейтінін айтып отыр.

Бекболат Тілеухан: «Біз де пендеміз, біздің де бала-шағамыз бар, бізге де қажеттілік бар»

Мәжіліс депутаттары жалақысының өсуі кешелі бері қоғамда қызу талқыға түсті. Мұны лайықсыз дейтін қоғам белсенділері көп. Сондай-ақ, мәжілісмендер өзге саяси қызметкерлермен бірдей жалақы алуы тиіс деп депутаттардың жағына өткендер де кездеседі. Ал, "халық қалаулыларының" өздері болса жалақының өскені негізді деп отыр.

Елдегі дағдарысқа қарамастан Мәжіліс депутаттары өз жалақыларын көтертіп алды

Қазақстандық депутаттардың жалақысы өсті деп хабарлайды Today.kz. Биліктегі өз дереккөзіне сілтеме жасаған портал тілшілері 1 наурыздан бастап Мәжіліс депутаттарының айлық-жалақысы 30 пайызға артқанын мәлімдеп отыр.