Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс

Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты болып бекітілді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне депутат етіп тіркеді деп жазады Tengrinews.kz.

Досым Сәтпаев: «Халық жолдауды түсінбейтінтей сауатсыз емес...»

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев депутаттардың өңірлерді аралап, халыққа Президент жолдауын түсіндіру жұмыстарын қажет емес деп есептейді. Оның пікірінше, халықтың көзі ашық, жолдаудың мәтінін өздігімен оқып, өздері түсіне алатын жағдайда.

Бақтықожа Ізмұхамбетов жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов бұдан былай «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігін басқарады. Бұл туралы бүгін аталған бірлестіктің Орталық кеңесі Президиумының кезектен тыс отырысында белгілі болды.

Сайлау ұйымдастырушыларына көңілі толмаған үміткер өзін өртемек болды

Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында 17 наурыз күні орын алған. Облыстағы мәслихаттардың біріне үміткер азамат сайлау комиссиясының отырысына кіріп келіп, үстіне жанғыш сұйықтықты құйып жіберген. Бұл жайында бүгін баспасөз мәжілісін өткізген ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдаәлет Сүйіндіков мәлімдеді.

Арман Шораев дәл мұндай сайлау өткізудің түкке қажеті жоқ екенін айтты

КТК телеарнасының бұрынғы басшысы, қоғам белсендісі Арман Шораев елімізде өткелі жатқан Мәжіліс және мәслихат сайлауларын мүлдем өткізбей, тоқтатып тастауды ұсынды. Оның пікірінше, "Нұр Отан" партиясының осынау саяси науқанда жеңіп шығатыны айдан анық. Сондықтан, "нұротандық" үміткерлерді сайламай-ақ, тағайындай салу әлдеқайда тиімді дейді ол.

Респонденттердің 55.6%-ы елде өтетін сайлауға қарсы - сауалнама

Ағымдағы жылдың 20 наурызында елде Мәжіліс және аймақтардағы мәслихат депутаттарын сайлау науқаны өтетіні белгілі. Парламенттің төменгі палатасын таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қаңтар айының басында Мәжіліс депутаттарының өзі көтерген болатын. Ал арада бір тәулік өтер-өтпестен Астанада Еуразиялық интеграция институтының өкілдері брифинг өткізіп, осынау бастаманы халықтың 93 пайызы қолдап отырғанын жеткізді.

Елордалық мәслихатқа үміткерлер сайлауалды шаралардың әділетсіз өтіп жатқанын айтты

Астана қалалық мәслихатына үміткер Бақыт Сыздықова мен Аида Жексенова сайлауалды шаралардың әділетсіз өтіп жатқанын айтып шағымданды. Қос кандидат қалалық сайлау комиссиясы ұйымдастырған кеңеске не өздері, не сенімді өкілдерінің шақырылмағанын айтып отыр.

Бақыт Сыздықова қайта депутат болуы мүмкін

Саяси белсенділігінен гөрі ерсі қылықтарымен есте қалған Мәжілістің экс-депутаты Бақыт Сыздықова Астана қалалық мәслихатына депутат болу үшін құжаттарын тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол өзінің құжат тапсыру рәсімін Periscope желісі арқылы тікелей эфирден көрсеткен.

Депутаттыққа үміткерлердің мемлекеттен қанша теңге алатынын белгілі болды

Бүгін Орталық сайлау комиссисы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.

Мәслихаттарға депутат болғысы келетіндер саны мыңнан асты

1 ақпан күні жергілікті сайлау комиссияларынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес 1050 адам мәслихат депутаты болуға өз кандидатураларын ұсынған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап Today.kz жазады.