Соңғы жаңалықтар

ОҚО

ОҚО-да күйеуінен оңбай таяқ жеген әйел мүгедек болып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында күйеуінен оңбай таяқ жеген келіншек мүгедек болып қалды. 27 жастағы Ұлбосын Әшірбекова басынан ауыр соққы алған соң, талма дертіне шалдыққан. Аяқ астынан есін жоғалтып алатын оған үнемі көмек қажет. Ал, жолдасы ажырасып кеткендіктен, тіпті, әйелінің жанына қалдырып кеткен екі баласына да қол ұшын созбайтын көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ОҚО-да жас жігіттерден таяқ жеген ақсақал әділдік іздеп Астанаға келді

Қартайғанда есігін қақпаған құзырлы орын қалмады. Осыдан екі ай бұрын ауылындағы зіңгіттей жігіттерден жәбір көрдім деген Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Дүйсенбек Сазанбекұлы «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрап елордаға арнайы келіпті деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар балға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетті деген күдікке ілінді деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

ОҚО-да туған баласын өлтірген 85 жастағы кейуана өз әрекетін түсіндірді

Ақсукент ауылында өз ұлын өлтірген 85 жастағы кейуанаға қатысты сот процесі ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралуда. Қарияға 55 жастағы маскүнем ұлын өлтірген деп айып тағылып отыр деп жазады Otyrar.kz.

РЕСМИ: Шымкент үшінші мегаполис атанды

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдері Жансейіт Түймебаев пен Нұрлан Сауранбаев шымкенттіктерге үндеу арнады.

ОҚО-дағы баланы жоғары сынып оқушылары зорлаған – Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген балаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қылмыстың әлі күнге ашылмай отырған себебі, балалардың туыстарының мемлекеттік органдарда жұмыс істеуінен.

Назарбаев: ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру керек

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында жемқорлық деңгейі жоғары екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында цифрландыруды неге  дамыту қажет екенін айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.  

ОҚО-да биыл ата-ана қамқорлығынсыз қалған 90 балаға үй беріледі

Оңтүстік Қазақстан облысында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Мерекелік жиында балалар үйінде тәрбиленіп жатқан 350-ге жуық жеткіншекке сый-сияпат жасалды. Шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Елбасымыз өз сөзінде ұрпақ болашағына аса мән беріп, «Елімізде туылған әрбір баланы мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс» деген болатын. Міне, осы бағытта облыста мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары 142 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үй берілді. 2018 жылы 90 бала үйлі болады. Сондай-ақ, жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жоғарғы оқу орындарына облыс әкімінің білім гранттары бөлінуде. Мәселен, өткен жылы 95 грант бөлінсе, биыл 100 грант бөлінеді. Білімді болыңдар! Сендердің еліміздің беделді азаматы болатындарыңа кәміл сенемін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, аймақ басшысы түрлі байқауларда топ жарып жүрген өнерлі балалар үйінің 10 оқушысын «Алғыс хатпен» марапаттады. Одан бөлек, жиынға қатысқан барлық балғындарға түрлі ойыншықтар, кинотеатрға және 50 балаға Астана қаласына жасалатын 3 күндік экскурсияның билетін үлестірді.

Шара барысында балаларға арналған мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды. Сонымен қатар, балалар Жайлаукөл демалыс аймағындағы аттракциондарда көңіл көтеріп, асфальтте сурет салу байқауына қатысты.

Айта кетейік, өңіріміздегі 3 млн. халықтың 1 млн. 240 мыңнан астамын 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. Облыста 2648 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, оның 2068-і қорғаншылық және қамқоршылыққа, 184-і патронаттық тәрбиеге өткен. 349 бала үйлерінде тәрбиеленуде.

Дереккөз: Оtyrar.kz

Балиева ОҚО-да зорланды деген балаға қатысты пікір білдірді

Қзақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО-ның Сарыағаш ауданында зорланды деген балаға қатысты пікір білдірді деп жазады Sputniknews.kz.

ОҚО-да бүтін бір ауыл арықтан лай су ішіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тұрдыабад ауылында бірнеше күннен бері ауыз су жоқ. Тұрғындар арықтан ағып жатқан лай суды қайнатып ішуден басқа амал таппай отыр деп мәлімдеді "Алматы" телеарнасы.