Соңғы жаңалықтар

ОҚО

Базарда жарапазан айтқан әжелер елдің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Базарда жарапазан айтып, дәстүрді жаңғыртқан әжелер жұрттың ықыласына бөленді. Осынау сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерде тарап жүр.

Өліміме сендер кінәлісіңдер: ОҚО-да асылып өлген полицей соңғы хатын басшысына жазған

ОҚО-да өзіне қол жұмсаған полиция аға лейтенантының өліміне туыстары полиция басшылығын кінәлап отыр. Айтуларынша, марқұм өлер алдында басшысының ұялы телефонына «менің өліміме сендер кінәлісіңдер» деп жазылған хабарлама жолдаған. Алайда 25 жастағы Нариман Назаров қайтыс болған жерге бірінші болып жеткен полиция басшылығы ешқандай хат болмады дейді.

ОҚО-да 15 жасында 60-тағы жездесінен бала босанған бойжеткен қайда барарын білмей отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала сәбиімен бірге жертөледе тұрып жатыр. Небәрі 15 жасында ана атанған жасөспірімнің барар жері, басар тауы да қалмаған. Ал, оны осындай күйге түсірген туған жездесі 18 жылға сотталып кеткен. Қазір, жас ана әркімнің әкеп берген азық-түлігіне жан бағып отыр деп хабарлайды Евразия арнасы.

Өз балаңды жұлмаласа көрер ем: Белгілі журналист 7 жасар балаға қатысты істің күдікке толы екенін айтты

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбаққызы ОҚО-да зорланды деген 7 жасар балаға қатысты былықтардың бетін ашты. Әу баста Аружан Сайынның Алматыда жатып жазба жазып, ел-жұртты Зағипа Балиева қарсы қойғанынан-ақ күдіктеніпті. Ол баланы саясатқа айналдырып, ойыншық қылғанша Саиннан әділдік үшін күресіп, істі соңына дейін жеткізуін талап етті.

ОҚО-да жұртты терроризмге үгіттеген тағы 2 адам ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 28 және 23 жастағы екі жігіт ұсталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полиция ОҚО-да қырыққабат сатып отқан қызды алып қашу дерегін растады (ВИДЕО)

Өткен аптада ОҚО-да қырыққабат сатып отырған қызды алып қашып бара жатқан видео сайтымызда жарияланған болатын. Осы оқиғаны ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы растап отыр. Айтуларынша қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірмеген.

ОҚО-да жұртты теракт жасауға үндеп жүрген «сақалдылар» ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті тұрғындарды теракт жасауға үндеп жүрген 8 адам ұсталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

«Мектепті бұзуға бөлінген ақшаны әкімдік жеп қойды»: ОҚО Бәйдібек ауданының халқы тағы шу шығарды

Жемсауы кең жемқорлар, мемлекеттен бөлінген қыруар қаржыны желге ұшырды деп, оңтүстіктегі «Бәйдібек ата» ауылының халқы шулап жатыр. Ауылдағы апатты мектеп, адам өмірі мен малға қауіп төндірген соң, білім ошағын халықтың өз-ақ қиратып тастапты. Қисынға салсақ, енді үйілген үйіндіні шығарып тазалау үшін, мемлекеттен ақша бөлінуі керек қой? Алайда, шенділер сол бөлінген ақшаның өзін бөліп алды деп, қысқасы тұрғындар наразылық білдіріп жатыр.

Бәйдібек ауданындағы «Бәйдібек ата» ауылы тұрғындары ескі мектептің қираған үйіндісін тазартуға билікке сан мәрте ұсыныс берсек те, сөзімізді тыңдар құлақ таппадық деп отыр. Ашындыратыны сол, оны реттеуге екі жыл бұрын бөлінген қаржы қолды болған дейді тұрғындар. Соның кесірінен батырлар аллеясын ашамыз деген жоспарымыз «орындалмас арманға айналды» дейді.

Апатты деп танылған ескі ғимараттың адам өміріне қауіп төндіргендіктен, тұрғындар өз күшімен оны бұзып тастаған. Кейбірінің малын да басып қалыпты. Ал қазынадан үйіндіні тазалауға бөлінген қыруар қаржы желге ұшты дейді тұрғындар.

Мәселеден хабардар болған билік 600 мың теңге бір ғана мектепке бөлінген қаржы емес, ол аудан бойынша білім мен мәдениет саласындағы 5-6 апатты нысанды бұзуға бөлінгенін айтады. Ал таудай болып, жатқанына төрт жылдан асқан үйіндіні тегістеу жұмыстарын, «5 күнде бітіреміз» деп уәдесін берді.

«Ол жерде тек мектепті бұзуға ғана қаржы қаралып, бұзылған. Орнын тегістеу жұмыстарына қаржы қаралмаған. Орнын тегістеу жұмыстары осы алдағы уақытта "Ауыл қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны есебінен жүргізіледі», - деп ант-су ішті Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Талғат Сызаев.

Дегенмен халық, қиратуға қаржы жұмсап, тегістеуін жылдап кейінге шегерген биліктің әрекетін түсінбейміз дейді. Құлаудың алдында тұрған, іргесі 1937 жылғы қаланған ескі мектепті бұзуға жергілікті тұрғындар техникамен де, қаржылай да көмектескендерін айтады.

Дереккөз: 31-арна

«Мамаңа айтсаң бұдан да жаман болады»: ОҚО-да сынып жетекшісі оқушылар төбелесін жылы жаппақ болған

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде мектеп оқушысын қысқа көйлек киіп келгені үшін сыныптастары сабап тастаған. Алайда, олардың ешбірі әлі жауапқа тартылмады деп жазады Nur.kz.

ОҚО-да зорланды деген 7 жасар балаға Дариға Назарбаеваның ұлы көмектесіп жатыр

Абай ауылында зорланды делінген 7 жасар балаға енді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрали Әлиев пен оның әйелі Аида көмектесе бастады.