Соңғы жаңалықтар

ОҚО

ОҚО-да зорланды деген 7 жасар баланың қазіргі жағдайы қалай?

Қоғам қайраткері Аружан Саин ОҚО-да зорланды делінген баланың қазір "Аналар үйінде" қалай тұрып жатқаны туралы Instagram парақшасында жазды.

Оңтүстіктен солтүстікке 665 отбасыны көшіру жоспарланды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында ішкі көші-қон және қоныстандыру мәселесіне байланысты жәрмеңке өткізілді. Онда өзге өңірлерден келген делегаттар бос жұмыс орындарын ұсынып, оңтүстікқазақстандықтарды еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аударуға шақырды деп мәлімдейді ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО-дағы атышулы Абай ауылында енді атыс болды

7 жасар бала зорланды деген Сарыағаш ауданы Абай ауылында енді атыс болды деп жазады Otyrar.kz. Куәгерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындар көрші ауылдың тұрғындарымен атысқан көрінеді.

ОҚО тұрғыны әйелін сабап өлтіріп, полицейлер істі суицид деп жауып тастаған

Оңтүстік Қазақстан облысында әйелін өлтіріп, кейін асылып қалды деп жасырған тұрғын сотталды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының 33 жастағы тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қызды зорладым деп жаз, жазбасаң өлесің»: ОҚО тұрғыны ұлының жазықсыз 8 жылға сотталып кеткенін айтты

Қыз зорлады деген айыппен 8 жылға сотталып кеткен түркістандық жігіттің ата-анасы әділеттік іздеп шарқ ұрып жүр. Редакциямызға хабарласқан Жорабек Әжібеков баласының жасамаған қылмысы үшін түрмеде жатқанын айтып, жыларман күй кешті. Айтуынша, полицияға арызды бұрынғы құдалары жазған екен. Ал, құқық қорғау органдары болса істі толық зерттемей, қолда бар дәлелдерге назар аудармай үкім шығарып жіберді дейді ашынған ата-ана.

Биыл оңтүстіктің шаруалары шаш етектен шығынға батуы мүмкін

Осы жылы ел бойынша 2 миллион гектар алқапты зиянкестер басуы мүмкін. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының атқамінерлері олармен күресуге ертерек қамдануы қажет. Өйткені Ауыл шаруашылығы министірлігінің мәліметінше, іргелес жатқан қос өңірдің 650 мың гектарға жуық аумағына шегірткелер шабуылдауы мүмкін деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

7 жасар бала ісімен айналысқан адвокат Азанов өз өміріне қауіп төнгенін айтты

ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы зорландым деп шағымданған 7 жасар баланың қорғаушысы болып жүрген заңгер Бауыржан Азанов белгісіз біреулерден қорқыту хатын алғанын айтты. Хатты оның көлігінің терезесіне қыстырып кеткен екен.

ОҚО-да терроризмді насихаттаған имам сотталды

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы орталық мешіттің бұрынғы бас имамы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Солтүстіктің суығына шыдамаған оңтүстікқазақстандықтар кері көше бастады

Еліміздің оңтүстіктігінен солтүстікке ауған көш кері қайтуда. Бірнеше отбасы жаңа жерге үйренісе алмай, туған өңірлеріне қайта  көшіп жатыр. Шенеуніктер ішкі миграцияға жұмсалған қаржыны  ешкімнен дауламаймыз деп отыр.

ОҚО-да терроризмді насихаттаған тұрғын небәрі 5 жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сайрам аудандық сотында "терроризм" ісі бойынша айып тағылған Дастанбек Белдімұратов сотталды деп жазады Азаттық. Дастанбек Белдімұратов - "терроризмді насихаттады" және "діни алауыздықты қоздырды" деген күдікке ілінген жергілікті он тұрғынның бірі.