Соңғы жаңалықтар

ОҚО

7 жасар баланы зорлағандарды саба: Байзақова жезөкшелерге қол көтерген Ахмадиевті сынап тастады

Күні кеше ғана танымал рэпер Жан Ахмадиев алматылық жезөкшелердің соңына шам алып түскен еді. Сейфуллин көшесінде тұратын қаракөздерді қамшымен сабаған видеосын көрген Айжан Байзақова оған қарсы жеке пікірін білдірді.

Сарыағаштағы 7 жасар балаға қатысты тергеу аяқталды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Абай елді мекенінде зорланды деген жеті жасар балаға қатысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы КТК телеарнасына отбасының  адвокаты Бауыржан Азанов айтып берді. 

ОҚО-да зорланды деген баланы Аружан Саин Алматыға алып келді

ОҚО-да зорланған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Аружан Саинның айтуынша, баланы анасымен бірге Алматыға алып келген. Қазір олар қауіпсіз жерге орналастырылған деп жазады Stan.kz.

Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында сарыағаштық 7 жасар балаға қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті.

«Қазіргі уақытта бала мен анасы Алматыда, қауіпсіз жерге орналастырылды. Олар мемлекет қорғауында. Алдағы уақытта Бас прокуратура тергеу амалдарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қорғаушы Бауыржан Азанов тергеу органдарымен жұмыс жүргізуде.

Сараптама туралы мәселе шешіліп жатыр. Сот медициналық сараптама және басқа да сараптамалар нақты әрі әділ өтуі үшін, шетелдік халықаралық мамандармен келіссіөз жүргізілуде. Келесі аптаның басында баланың қорғаушысы мамандар тізімін ұсынады.

Баланың анасы ауырып жүр. Астанада тоңып қалыпты. Бүгін өзін кешегіе қарағанда жақсырақ сезінеді», – деп жазды Аружан Саин.

Сонымен қатар Аружан Саин қолдап білдіргендердің барлығына алғыс білдірді. Және сотқа дейінгі тергеу амалдары ұзақ уақытқа созылатындықтан, төзімділік таныту керек екенін айтты.

ОҚО-да «зорланды» деген бала оқиғасы үшін ауыл биі жұрттан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Оңтүстікте ауыл биі елді шулатқан зорланды деген жеті жасар баланың жағдайына байланысты көпшіліктен кешірім сұрады. Көмекке зәру болған балақайды қамқорлыққа дер кезінде алмадық деген ауыл ақсақалы үлкен дауға айналған бұл проблемаға мектеп басшыларының салғырттығын айыптап, көпшілік алдында сынап алды.

Мұғалімдері қорғай алмағаны өкінішті: ОҚО-да зорланды делінген бала оқиғасынан кейін ата-аналар қорқып қалған

ОҚО-дағы Абай ауылының тұрғындары балаларын мектеп жіберуден қорқып қалғандарын айтады. Олардың бірі мектепте зорлықтың болғанына сенсе, енді бірі теріске шығаруда.

Зорланды делінген баланың әжесінің түрін көрсеткен журналистерді соттау керек – белгілі журналист

Белгілі журналист Серік Әбікен ОҚО-да зорланды делінген баланың әжесін бұқараға көрсетіп, сұхбат жүргізген журналистерді жазалауды сұрады. Бұл туралы ол өзінің facebook-парақшасына жазған.

7 жасар баланың ісі: ОҚО-да әрекетсіздік, қылмысты жабу, қызметін асыра пайдалану деректері бойынша тексеру жүріп жатыр

ОҚО-да зорланды деген 7 жасар бала мен оның анасын өз қарауына алған қоғам белсендімсі Аружан Сайын аталған істің қалай жүріп жатқандығы туралы өзінің Facebook-парақшасында жазды.

ОҚО-да зорланды делінген баланың қорғаушысы желідегі дауға қатысты пікір айтты

ОҚО-дағы бала мен оның анасының қорғаушысы Құрманғазы Мүсір әлеуметтік желіде тараған жанжал аясындағы саяси сипатқа ие ақпараттарды қасақана арандатушылық деп атады деп жазады Tengrinews.kz.

«Бұл жай ғана екі клан арасындағы жанжал»: ОҚО депутаттары 7 жасар баланың зорланғанына күмәнмен қарайды

ОҚО Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында зорланды делінген 7 жасар баланың ісіне қатысты өңірдің депутаттары енді ғана үн қата бастады. Олар балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалған дегенге сеніңкіремейді. Депутаттардың сөздеріне сенер болсақ, бұл тек әулеттер арасындағы жанжалдың ушығуы екен. Демек, олардың пайымынша 1-сыныптың оқушысы журналистерге өзін зорлады деп өтірік сұхбат берген болуы мүмкін. Десе де, халық қалаулылары Астанадағы экспертизаның қорытындысы шықпай асығыс шешім шығармайық деп отыр. Бұл туралы жергілікті Отырар телеарнасы хабарлады.

Зағипа Балиеваның мұнысы несі: депутат 7 жасар баланың әжесіне солтүстікте не істетпекші?

Бүгін Астанада Балалар құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Зағипа Балиева баспасөз мәжілісін өткізіп, "зорланды" деген 7 жасар сарыағаштық оқушының ісіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Депутаттың айтуынша, бала әжесімен бірге солтүстік облыстардың біріне арнайы бағдарлама аясында көшуі мүмкін. Зейнеткердің өзі осыған келісімін берген көрінеді.