Соңғы жаңалықтар

ресей
Магнитогорскте апаттан қаза тапқандар саны 33-ке жетті

Магнитогорскте апаттан қаза тапқандар саны 33-ке жетті

Ресейдің Магнитогорск қаласында көпқабатты үйдегі апаттан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, құтқарушылар үйінді астында қалып қойды делінген жеті адамды іздеп жатыр. Министрлік мәліметінше, құрбандар арасында алты бала бар. Алты адам, оның ішінде үйінді астынан тірі табылған 11 айлық бала ауруханаға түскен деп жазады Азаттық. 

Алматы тауларында жоғалып кеткен Ресей азаматы табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен Ресей азаматы табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресей билігі Қырым мен Украина арасындағы шекара сымын тартуды аяқтағанын мәлімдеді

Ресей билігі Қырым түбегін Украинадан бөлетін шекара сымын тартуды аяқтағанын мәлімдеді. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Қырымдағы басқармасының шекара қызметі 28 желтоқсанда шекарадағы «инженерлік және техникалық кешендер» құрылысы аяқталғанын хабарлады. Ресейлік БАҚ-тың шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 60 километрге созылатын шекара сымы датчиктермен және бақылау камераларымен жабдықталған деп жазады Азаттық.

Ресейде 16 жастағы спортшы қызды пышақтап өлтірді

Ресейдің Тольятти қаласында жастар арасындағы жүзуден РФ вице-чемпион, 16 жастағы Сафия Аскарованы бірнеше жерінен пышақтап кетті деп жазады Eurosport.

Қазақстанға сырттан келетін ет өнімдерінен қауіпті бактерия анықталды

Қазақстанға шетелдерден келетін еттен қауіпті ауру анықталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ресейде ер адам әйелі мен қызын атып өлтірді

Ресейде ер адам қызғаныштан әйелі мен қызын атып өлтірді деп жазады Lenta.ru.

Ресей Украинаның тағы бірнеше азаматына санкция салды

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Украинаның санкция салынған жеке және заңды тұлғаларының саны ұлғайғанын хабарлады. Медведев Twitter-де «Ресей мемлекетінің, азаматтары мен компанияларының мүдделерін қорғау туралы» қаулыға қол қойғанын жазды.

Еуроодақ Ресейге салған санкция мерзімін шілде айына дейін ұзартты

Еуропа Одағының Ресейге Украинаның шығысындағы жанжалға байланысты салған санкцияларының күші 2019 жылғы шілденің 31-інде дейін ұзартылды. Бұл туралы ақпарат Еуропа кеңесінің сайтында жарияланды деп жазады Азаттық.

Тайып Ердоған 25 мемлекеттегі елшілерін ауыстырды

Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоғанның жарлығымен шет мемлекеттердегі 25 дипломатиялық миссия басшылары тағайындалды деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

Мәскеуде жеткіншек тікелей эфирде өзіне қол салды

Тинейджер есімді жеткіншек соңғы таспасында достарына бәрінен жалыққанын айтқан. Таспа желіде сақталып қалды деп жазады Stan.kz.