Соңғы жаңалықтар

Салафизм

Ақтөбеде нашақор салафит қамауға алынды

Ақтөбеде тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгірген егіз жігіт теракт туралы жалған ақпарат таратқан деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Есірткіге еліріп салафиттер полицияға қоңырау шалып, жарылыс туралы айтады. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар сақалды нашақорлардың сандырағы екенін біледі.

«Теріс діни ағымға кіріп кеткен»: Таразда жайнамазды тепкен бапкерді оқушылары әдейі араңдатқан болып шықты

Тараздағы жайнамазды тепкен бапкер төңірегіндегі дау басылатын емес. Бүгін осы атышулы видеоның басты кейіпкерлері: екі оқушының ата-анасы болған жайды балалары әдейі ұйымдастырғанын айтып, мұсылман қауымы мен жаттықтырушыдан кешірім сұраған деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Сөйтіп өздері перзенттерін өз еріктерімен интернаттан шығарып әкетіпті.

Ақтөбеде полицейлерге сес көрсеткен «сақалды» жігіттердің нашаға мас болғаны анықталды

Ақтөбеде тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгірген егіз жігіт ұсталды. 32 жастағы ағайындылар есірткіге елітіп алған көрінеді. Әлеуметтік желі арқылы тараған роликте сақалды екеу шахид болатындарын айтып, полицейлерге тарпа бас салған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Қызылордада сақалды еркек 11 жасар қызды ұрламақ болған

Қызылордада 11 жасар қызды ұрламақ болған сақалды ер адамға іздеу жарияланды. Полицейлер «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады деп жазады «NewTimes.kz».

Иектері жылтыраған қатындарға ұқсап қалмаңдар: Мешітке келген салафит имаммен ұрысты (ВИДЕО)

Мешітке келген салафит жігіт имаммен ұрысты.  Ол сақал қыруды «күнә» деп сақалсыздарды қатынға теңеді.

ОҚО-да жұртты терроризмге үгіттеген тағы 2 адам ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 28 және 23 жастағы екі жігіт ұсталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Шымкентте мектеп оқушысы терроризмді насихаттағаны үшін сотталып кетті

Мамырдың 15-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының №10 мектеп оқушысы Шахзат Исмаиловты "терроризмді насихаттау" және "діни алауыздық қоздыру" баптары бойынша кінәлі деп тауып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

ОҚО-да жұртты теракт жасауға үндеп жүрген «сақалдылар» ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті тұрғындарды теракт жасауға үндеп жүрген 8 адам ұсталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Мені үшіншісі төртіншісіне сыйлап кете берді: Салафитке тұрмысқа шыққан әйел күйеулерінің былықтарын жайып салды (ВИДЕО)

Салафизм ағымын ұстанған жігітке тұрмысқа шыққан шымкенттік әйел олардың адам шошырлық әрекеттері туралы айтып, барша қазақстандықтарды, әсіресе, әйелдерді сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, ол салафизм ағымының танымал уағызшысы Ділмұраттың (Әбу Мұxаммед) уағыздарын тыңдамаңдар деп кеңес берді.

Салафизмды насихаттаған тәжік имам сотталды

Тәжікстанның Худжанд қаласының соты апта басында мешіттің бұрынғы имамын салафизм идеясын насихаттағаны үшін түрмеге отырғызды. Салафизм ағымына республикада тыйым салынған деп жазады centralasian.org.