Соңғы жаңалықтар

Салафизм

Тәжікстанда 70 жастағы әжей немерелерімен бірге Сирияға соғысқа аттанбақ болған

Соғды облыстық сотында бір отбасының жеті мүшесіне қатысты іс қаралып жатыр. Оларға қарсы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қосылмақ болды деген айып таққан деп жазады centralasian.org.

Балаларымның көзінше зорлап тастады: Елімізге танымал псевдосалафит жауапқа тартылмай тайрандап жүр

Жат ағым өкілдерінің әрекеттерінен жапа шеккендер көп. Алматылық келіншектің мына бір оқиғасы жүздеген жайттың бірі ғана. Бірақ назар аударуға тұрарлық. Есімін Айнұр деп атауын сұраған келіншекті ер адам шиеттей бала-шағасының көзінше зорлап, айуандық танытқан. Ең сорақысы, ол ер адам ел алдында беделі бар діни ұстаз екен. Дәстүрлі ислам емес, салафизм ағымының өкілі. Салафизм болғанда да ішіндегі мадхали бағытын ұстанушы. Ол қандай ағым? Айнұрдың ендігі тағдыры қандай? Бұл сұрақтарға жауапты «Еуразия» телеарнасының тілшілері іздеп көрді.

ОҚО-да терроризмді насихаттаған тұрғын небәрі 5 жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сайрам аудандық сотында "терроризм" ісі бойынша айып тағылған Дастанбек Белдімұратов сотталды деп жазады Азаттық. Дастанбек Белдімұратов - "терроризмді насихаттады" және "діни алауыздықты қоздырды" деген күдікке ілінген жергілікті он тұрғынның бірі.

Терроризмді насихаттады деп айыпталған шымкенттік жігіт "Асыл арнадан" оқылған сүрені жүктеп алғанын айтты

16 наурыз күні Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотына "Гарант" дүкендері аумағында "деструктивті ағым мүшесі" деген күдікпен ұсталған Бақытжан Ізтілеуовтің ісі бойынша айыптауға негіз болуға куәлік еткен төрт адам сот отырысына тағы келмеді деп хабарлайды Азаттық.

«Намазхандар ағамды тепкілеп, құлағын кесіп алды»: Құлсары тұрғыны ауылдастарының үстінен шағымданды

Атырау облысы Жылой ауданы Құлсары қаласының 51 жастағы тұрғыны Жұматай Масабаевты өз ауылдастары соққыға жығып, құлағын пышақпен тілген. Жәбірленушінің қарындасы Мейрамгүл Масабаева Sn.kz порталының редакциясына хабарласып, болған жайттың мән-жайын айтып берді.

Хиджаб дауы Павлодарға да жетті

Павлодарда № 29 мектептің 2-сынып оқушысы Халида Әубәкірованы мектепке басына ақ түсті орамал тартып барғаны үшін сабаққа кіргізбей қойды деп жазады Азаттық. Оқушының әкесі Ерқанат Әубәкіров прокуратураға шағымданып, қызының білім алуына "зайырлы ақ түсті орамал тартқаны үшін" кедергі келтірмеуді сұрады.

Сириядағы соғыстан елге оралған 60-қа жуық адам бостандықта жүр - ҰҚК

Сириядан Қазақстанға осы кезге дейін 125 қазақстандық оралды деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков. Астанада үкімет жиынында сөйлеген Білісбековтің сөзінше, Сириядан оралған 125 адамның 57-сі сотталған, қалғаны бақылауда жүр.

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін жинап, ОҚО-дағы діни экстремизм мәселесін талқылады

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыста 2017-2020 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелері, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және діни ахуал қарастырылды.

Мектептерде xиджабпен күрескен Б.Сапарбаев командасы енді xристиан дінін насиxаттай бастады ма?

Ақтөбеде масленица мейрамын тойлатқан мұғалімдердің басы дауға қалды. Орамал таққан оқушы қыздарды мектепке кіргізбей, соттасып жүрген жергілікті биліктің бұған қалай рұқсат еткені белгісіз деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ақтөбе облысында хиджаб киген 103 оқушы мектепке бармай отыр

Ақтөбе облысында «орамал дауына» орай балалары мектепке бармай отырған тағы бір ата-анаға 12025 теңге (бес айлық есептік көрсеткіш - АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Ол ата-ана Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Әлия ауылында тұрады. Бұл туралы Азаттыққа Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлыбай Айжарықов айтты.