The Independent басылымы Сауд Арабиясынан шыққан Америкада тұратын әйелдерден сұхбат алып, эксклюзив материал жариялады. Басылымның жазуынша, әйелдер Сауд Арабиясында әйелдер қатты жазаланудан қорқатындықтан, некесіз туған балаларын далаға тастап кететінін айтқан.
Сауд Арабиясы биыл Қазақстаннан қажылыққа баратындарға 3200 квота бөлген. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбай хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына мұнай бағасын арзандатқаны үшін алғыс білдірді. Ол Twitter-дегі парақшасында мұнай бағасының түсуін салықтың қысқаруымен салыстырды. Оның айтуынша, Эр-Риядтың арқасында мұнай баррелі 82 доллардан 54 долларға түскен деп жазады Азаттық.
АҚШ Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашоггидің өліміне байланысты Эр-Риядқа санкция салды. «Магнитский заңы» аясында салынған қаржылық шектеуге Сауд Арабияның 17 азаматы ілінді деп жазады Азаттық.
Америкалық миллиардер, Microsoft корпорациясын құрған Билл Гейтс қоры журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның қайырымдылық қорымен ынтымақтастықты үзді деп жазады Азаттық.