Соңғы жаңалықтар

Семей

Трое малолетних детей отравились угарным газом в Семее

В Семее в результате пожара отравление угарным газом получили дети пяти, четырех и трех лет, сообщили в пресс-службе ДЧС ВКО.

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Семей қаласына жаңа әкім болып Ермак Салимов тағайындалды. Жаңа әкімді Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов тағайындап, облыс активіне таныстырған.

В Семее без электроснабжения остаются около 2 тыс. абонентов

Восстановительные работы в Семее продолжаются, сообщает пресс-служба ДЧС ВКО. 

Семейде жойқын дауыл қаланың астан-кестенін шығарды

Семей қаласында бүгін қатты дауыл тұрып, салдарынан ағаштар құлап, көліктер зардап шекті.

В Семее штормовой ветер повредил кровли 16 зданий

Ветер 20 метров в секунду, при порывах до 35, сопровождавшийся обильными осадками, стал причиной многочисленных обрывов воздушных линий электропередач, повреждения кровли 16 зданий и скопления дождевой воды на отдельных участках дорог Семея, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на управление внутренней политики города.

"Құнанбай" фильмі қазақстандық прокатқа 25 мамырда шығады

Шығыс Қазақстан облысында "Құнанбай" тарихи көркем фильмінің премьерасы өтті. Киноның тұсаукесері алдымен Құнанбайдың өз ауылы Қарауылда, кейін Семей қаласындағы "Еңлік-Кебек" және "Әлем" кинотеатрларында жүргізілді. Ұлы Абайдың әкесінің өмірі жайында түсірілген осынау кинотуынды қалың көрерменге 25 мамыр күні жол тартады.  

Фильм авторы - Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, өнер ардагері, ұлттық театр және кино актері, режиссер, продюсер Досхан Жолжақсынов. Бұған дейін ол 2008 жылы "Біржан сал" фильмімен көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Аталған толықметражды кинотуындыны тек отандық сыншылар емес, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар да оң бағалаған еді.

Досхан Жолжақсынов "Құнанбай" фильмін жазушы Таласбек Әсемқұловпен бірге түсірді. Ал, музыка авторы - белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов. Фильмге түсуге елімізге танымал актерлармен бірге Семейдегі Абай атындағы және Достоевский атындағы театрлардың актерлары да тартылды.Жаңа кинокартина қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі - Құнанбай Өскенбайұлының өмірінен, бұған дейін біз естіп-білмеген құпияларынан сыр шертеді. Ол 1804 жылы Шыңғыстауда дүниеге келген.

Көпшілік Құнанбайды Әуезовтың "Абай жолы" романында жазылғандай қатал әке, феодал сұлтан ретінде таниды. Алайда, бұл шығарманың Кеңес заманында қаншама цензурадан өткені белгілі. Фильмде Құнанбайдың көрегендігі, данышпандығы, әділдігі, дәстүрді құрметтейтіндігі анық көрсетілген.

- "Біржан сал" фильмін түсіріп болған соң біз Таласбек Әсемқұлов екеуміз жаңа киноға тақырып іздедік. Қазақта киноға кейіпкер болатындай тұлғалар өте көп. Біз ақылдаса келе Құнанбайға тоқтадық. Көпшілік оны қатал бірақ әділ басшы ретінде таниды. Ал, біз Құнанбайдың өзге де қырларын ашқымыз келді. Осылайша оның өмірімен танысып, фильм түсіруге дайындалуға тура бес жылдай уақыт жұмсадық" дейді режиссер Досхан Жолжақсынов. 

 

Baq.kz

Семей қаласы жылу желілерінің 80 пайыздан астамы тозып кеткен

Еліміздің бірқатар өңірінде жылу желілері айтарлықтай тозып кеткен. Мұндай жағдай Алматы және Семей қалаларында, сондай-ақ, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кездесіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Семейде үш жүк вагоны рельстен шығып кетті

Бүгін Семейде үш жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

14 жасар семейлік қыз Голливудты бағындырды (ВИДЕО)

14 жастағы Семей қаласының тұрғыны Ванесса Безродная «World championship of performing arts» халықаралық өнер чемпионатының поп және рок-вокал аталымында өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz.