Соңғы жаңалықтар

Семей
Семейде 2-қабаттан құлап кете жаздаған сәби құтқарылды

Семейде 2-қабаттан құлап кете жаздаған сәби құтқарылды

Семейлік полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің ашық тұрған терезесінен құлап кете жаздаған екі жасар сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Семейде жол қысқартпақ болған 40 жастағы ер адам пойыз астына түсті

27 сәуірде 103 пультіне ер адамның пойыз астына түскені туралы хабарлама жеткен, деп хабарлайды obvk.kz.

Тоқаев Семей жұртшылығымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды. Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің даму барысы жөнінде мәлімет беріліп, облыстың осы салада жеткен жетістіктері туралы баяндалды, деп xабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Семейде үй өртеніп, екі бала қайтыс болды

Төтенше жағдай 2 қабатты үйлердің бірінде болған. Өрт сөндірушілер келгенше бірінші қабаттағы жиһаздар өртеніп, үй қара түтінге оранған деп жазады NewTimes.kz.

Семейде ірі көлемде ақша жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

Семейде ірі көлемде ақша жымқырған кезекті мектеп бухгалтеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде ағайынды екі жігіт төбелесіп, бірі пышақ жарақатынан ауруханаға түсті

Семейде алкогольдік ішімдік ішкен екі ағайынды жігіт төбелесіп, бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті деп жазады ҚазАқпарат.

Семейдегі моншалардың бірінде бойжеткен қызғаныштан ер адамды сабап тастады

24 жастағы семейлік бойжеткен қызғаныштан досына қол көтерді деп жазады altaynews.kz.

Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 1 адам мерт болды

Семейде 5 қабатты тұрғын үй өртенді. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 79 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде әйел 30 градустық аязда аяғын үсітіп алды

Семей тұрғыны 30 градустық аязда далаға жалаңаяқ шығып, екі аяғын бірдей үсітіп алды деп жазады altaynews.kz.

Семейде көмір кезегінде көз жұмған спортшының ата-анасы тергеу жұмыстарына наразы

Семейде көмір алатын қоймадағы кезекке талас барысында қаза тапқан спортшы жігіттің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Бірақ, мерт болған азаматтың туыстары тергеушінің жұмысына көңілдері толмайтынын айтады. Оған себеп, әуел баста Жасұлан Әбиевті өлтірді деген күдікпен 3 бірдей азамат ұсталған. Бірақ, қазадан кейін бірнеше күн өтпей сол күдіктілердің екеуі куәгерге айналып шыға келген көрінеді. Тергеу изоляторына тек біреуі қамалыпты. Біздің арнаға хабарласып көмек сұраған марқұмның жақындары бұл жерде таныс-тамырлықтың ізі бар екеніне сенімді деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».