Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік аймаққа 400-ден астам отбасы қоныс аударуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда, аталған өңірге көшуге ниет білдірген 458 отбасының 50-і, яғни 200-ге жуық оңтүстікқазақстандық Солтүстікке көшіп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған. Ал қалған отбасылар үшін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар қарастырып, құжаттарын реттеуде.
Қызылжарда Сүтішевтің атындағы үлкен көше бар. «Сүтішев» десеңіз таксистер түсінбейді, баратын мекен-жайыңызды «Сутюшев» деп түзеуіңізге тура келеді. Қаланың ең әдемі ауданында. Абылай ханның қайта қалпына келтірілген резиденциясы осы көшенің бойында орналасқан. «Мағжанмен» қиылысады, «Сәбит Мұқановқа» параллель орналасқан.
Қазақ-орыс шекарасын күзеткен сақшылар спирттік ішімдікке сылқия тойып, аңға шыққан азаматты қолға түсірді деп хабарлайды SN ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
СҚО басшысы Ерiк Сұлтанов жұмыс сапарымен Шал ақын ауданда болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
СҚО 5 жастағы баланы зорлады деген күдікпен екі қылмыскер құрықталды, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz
Солтүстік Қазақстан облыстық Қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтірген адамға 100 мың доллар беріліпті. Былтырғы желтоқсан айында кісі қолынан қаза тапқан Жандос Ахметовтің өліміне қатысты Петропавлда басталған сот барысында айыптаушылар осылай мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
СҚО Алтынсарин ауданында орналасқан «Мерей» лагеріндегі балалар жаппай тамақтан уланған. Олардың 40-на алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілсе, төртеуі Қостанай қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды деп хабарлайды Baq.kz.
Миграция салдарынан Солтүстік Қазақстан облысында халық саны азайып барады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.