Соңғы жаңалықтар

ТЖД
Алматы облыстық ТЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

Алматы облыстық ТЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы ТЖД жаңа басшысы тағайындалды деп жазады Тengrinews.kz

Астана қаласы ТЖД аязға байланысты жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысында болған өрттен қытай азаматы көз жұмды

20 қараша күні Шиелі кентіндегі Қытай Триумф цемент зауытының аумағында өрт шықты деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен ер адамды іздеу тоқтатылды

Шұңқырға түсіп кеткен ер адамды іздеу тоқтатылды деп хабарлайды Ақтбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы облыстық ТЖД басшысы екі айға үй қамауына алынды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үй қамауына алынды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ақтөбеде үйлері өртенген тұрғындар сыртқа қалай шыққандарын айтты

Ақтөбенің қақ ортасындағы көпқабатты үй өртенді. Үшінші қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған от айналдырған он минутта шатырына дейін жеткен. Абдыраған тұрғындар не істерін білмей қызыл жалын алған балкондарына жүгірген. Оқиға орнына қаладағы барлық құтқару қызметі мен өрт сөндірушілері тартылды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ақтауда терезе астындағы қоқыстың кесірінен үй өртенді

Ақтауда терезе астындағы қоқыс жәшігінің кесірінен үй өртенді деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Семейде 30 жастағы ер адам он екінші қабаттан құлап кетті

30 жастағы семейлік жігіт 12-қабаттан құлап аман қалды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлап отыр.

Алматы тұрғыны өрттен 2 сәбиді аман алып қалды

Алматыда әйел адам өрт кезінде екі сәбиді аман алып қалды деп хабарлайды  Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

6 қыркүйек күні Алматыдағы «Ақсай-4» шағын ауданында 9 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты.

Өрт сөндірушілер келгенше көрші әйел бір жарым жасар және 7 жастағы сәбилерді өлімнен алып қалды. Абырой болғанда, балалар отырған пәтердің есігі жабық болғанымен құлыпталмаған болып шықты. Подъезден күйіктің исін сезген Бейбіткүл Ыдырысова бетін үйге киетін халатымен бүркемелеген күйінде, түтін басқан пәтер ішіне кіріп кеткен.

Қою түтін көзді ашыта бастағанына қарамастан ол өмірін қатерге тіге отырып, балаларды алып шыққан. Оның үстіне ол бұл пәтердің тұрғындарын жақсы білетін болып шықты, яғни үйде балалардың болуы мүмкіндігін де болжаған. Қара түтіншің ішінде Бейбіткүлдің айқайына 7 жастаға бала жауап берген.

Балаларды тауып алған соң оларды далаға алып шыққан. Артынан өрт сөндірушілерге хабар берген. Кейін мәлім болғанындай, балалардың анасы оларды аз уақытқа тастап мектепке кеткен. Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеді. Алайда көрші әйелдің жанкештілігі болмағанда, жағдайдың қалайша өрбуі мүмкіндігін ойлаудың өзі қорқынышты.

Алматы қалалық ТЖ департаменті тұрғындардың балаларына мұқият болып, оларды мүмкіндігінше жалғыз қалдырмауға тырысу қажеттігін ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Ер адам құтқарушылардың көз алдында өртеніп жатқан үйдің балконынан секіріп кетті (ВИДЕО)

Санкт-Петербор тұрғыны өртеніп жатқан үйінің балконынан құтқарушылардың көзінше секіріп кетті деп жазады Life.ru.