Соңғы жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов

Ерлан Біләл театрдың негізгі репертуарында басты рөлдерді ойнайды – жаңа директор (ВИДЕО)

Пара алғаны үшін сотталған Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театрдың бұрынғы директоры Ерлан Біләл сахнадан кетпейді. Актер театр труппасында қалады. Ақша жымқырды деп айыпталған халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та сөйтеді деп мәлімдеді Алматы телеарнасы.

Тұңғышбай Жаманқұлов Алтынбек Қоразбаевты туған күнімен құттықтап, мерейтойына барды (ВИДЕО)

Сотталғаннан кейін көпшілік көзінен алыстап кеткен Тұңғышбай Жаманқұлов Алтынбек Қоразбаевты 70 жасқа толған туған күнімен құттықтап, мерейтойына барды. Оның тойдағы видеосын эстрада әншісі Сәкен Майғазиев өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.

Тұңғышбай Жаманқұлов 7 жылға шартты жазамен сотталды

Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім шығарды деп жазады Tengrinews.kz порталы.

Прокурорлар Тұңғышбай Жаманқұловты шартты жазамен соттауды сұрады

Бүгін Алматының Медеу аудандық қылмыстық істер сотында кино түсіруге бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру ісі бойынша айыпталған танымал актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша сотта жарыссөз басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сотта айыптаушы прокурор "Феникс" көркем фильмін түсіруге мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқырды" деп айыпталған бірнеше адамға сұрайтын жазаларын оқыды.

Алматыда Тұңғышбай Жаманқұловтың соты басталды

Алматыда №2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мәдениет министрі тәулік өтпей қарымта "соққысын" беріп жатыр

Бүгін әлеуметтік желілерде Театр қайраткерлері одағының мүшелері жиылып, Тұңғышбай Жаманқұловтың "тағдырын шешіп" жатыр екен деген ақпарат тарады. Танымал актер, Қазақстан халық артисі Т.Жаманқұлов осы одақтың төрағасы екенін айта кетейік.

Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлының "откаты" жайында айтып берді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының фильм түсіру үшін "откат" сұрағанын бұған дейін режиссер Талғат Жәнібеков өзінің видеоүндеуінде айтқан болатын. Бүгін Қазақстан халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та министрдің "сұраншақтығы" жайында ишаралады. Бұл туралы informburo.kz порталының тілшілері мәлімдеп отыр.

«Патриот болу парызың»

Күні кеше ғана Елбасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев пен ҚР Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады. Аманшаевпен әңгіме барысында да, Жаманқұловпен дидарласқанда да Нұрсұлтан Әбішұлы негізінен бір мәселеге басым мән берді. Ол – патриотизм тақырыбындағы дүниелерді өнер тілінде сөйлету! Иә, Жаманқұловпен әңгіме барысында тарихи тақырыптардың маңыздылығы сөз болды. Дегенмен, оның өзі де түптеп келгенде, көрерменге патриоттық рух сыйлау болып шығар еді.

Елбасы театрлардағы тарихи қойылымдардың маңыздылығын атап өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.