Соңғы жаңалықтар

Фото

Алматыда қаланың белсенді азаматтары марапатталды (ФОТО)

Алматыда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы белсенді азаматтарының форумы өтті. Ауқымды шараны Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр.

Алматыда мемлекеттік қызметтер мен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

Алматыда «Мемлекеттік қызметтер мен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті. Бұл жәрмеңкені ҚР Мемлекеттік Қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Медеу ауданының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған.

Алматыда «Құтқарушылар күні» аталып өтті (ФОТО)

Биыл төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған қызметтің құрылғанына 22 жыл толып отыр. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленген.

Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды (ФОТО)

Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тоқтар Төлешовтің соңғы үйінде қабырға мен шатырдан өзге түк қалмаған (ФОТО)

Шымкенттің сот орындаушылары «сыра королінің» соңғы үйін тәркіледі. Десе де, әкесінен қалған қара шаңырақтан Төлешовтың үлкен ұлы мен бәйбішесі дымын қалдырмай сыпырып әкеткен екен. Кезінде күнгейдің ең бақуатты әулеттерінің бірі тұрған ғимараттың іші қазір «жылан жалағандай» деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Алматыдағы Әуезов театрында «Театр әлеміндегі рухани жағыру» атты көрме ашылды (ФОТО)

Алматыда Мұхтар Әуезов атындаңы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 92-маусымы ашылды. Осыған орай өнер ордасының ғимаратында «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме Алматыдағы 8 театрдың басын біріктіріп отыр. Айтулы шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына орай өткізілуде.

Еріктілер Үлкен Алматы көлі аймағын қоқыстан тазартты (ФОТО)

Алматының жастары Үлкен Алматы көлінің аумағын қоқыстан тазалау үшін табиғатқа шықты. Шараны «Еріктілер лигасы» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Басты мақсат - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру.

Алматыда «102» қызметінің операторларына бақылау күшейтілді (ФОТО)

Алматының «102» жедел байланыс қызметі жаңғырудан өтті деп мәлімдеді қаланың Ішкі істер департаменті. Енді аталған желі операторларының қызмет көрсету сапасы бұрынғыдан да артатын болады.

Жәрмеңкеде бәрі бар, қолөнерді бағалайтын жан болса… (ФОТО)

Алматыда демалыс күндері қолөнершілер жәрмеңкесі өтті. Жиырма жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңкеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, және Ресейден келген қолөнершілер қатысты.

Сарбаздың абыройын асқақтатын Президенттік полк (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктері қазақстандық армияның элитасы болып есептеледі. Ең үздік әскери қызметшілерді бір арнаға тоғыстырған  Қызметтің бұл құрылымдық бөліністеріне іріктеу басымдылықпен, әрі қатаң талаптарға сай жүргізіледі.