Шолпан ауылындағы гепатит оқиғасы бойынша медициналық бақылау қанағаттанарлықсыз деңгейде болды. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер ішімдікке үйір жеткіншекті есепке қойды деп жазады Stan.kz "Еуразия" телеарнасына сілтеме жасап. Әлі мектепке бармаған, әріп танымайтын бүлдіршін ата-анасының отырыстарынан кейін стақанның түбінде қалған ащы суды ішіп, мас болып жатады екен.
Облыста "доңыз тұмауын" жұқтырғандар саны 15 адамға жетті. Бұл туралы ШҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасай отырып YK-news.kz сайты хабарлады.