Рио олимпиадасының чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин Словенияның Крань қаласында жүзуден халықаралық турнирде төртінші алтын жүлде иеленді. Жарыстың екінші күні ол жүз метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде бәсекелестерінен озды деп хабарлады 11 наурызда Ұлттық олимпиада комитеті. Жарыстың осы түрінен әйелдер арасында қазақстандық Аделаида Пчелинцева екінші орын алды. Диана Назарова 50 метрге шалқалай жүзуде жеңімпаз атанды деп жазады Азаттық.
ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісованың Астанада өткен «Ән мен әнші» концертінде қымбат әшекейлері жоғалып кеткен. Бұл туралы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.