Соңғы жаңалықтар

ардагер
«Жәрдемақыны көтерсін»: Қазақстанда ауған соғысы ардагерлерінің күнкөрісі қиындаған

«Жәрдемақыны көтерсін»: Қазақстанда ауған соғысы ардагерлерінің күнкөрісі қиындаған

Алматыда ауған соғысының ардагерлері күнкөрісіміз қиындады деп мұңын шақты.

Депутат «Соғыс балалары» мәртебесін көтеруді ұсынды

Ерлік Өмірғалидің айтуынша, II Дүниежүзілік соғыс кезінде тыл еңбеккерлері жүздеген зауыт салып, миллиондаған тонна астықты майданға жіберді.

«Врачтар көмектеспеді»: ардагер аурухана алдында көз жұмды (ВИДЕО)

Ардагердің ұлы әкесінің өліміне "дәрігерлер кінәлі" деп санайды.

«Бала күнінен тағдыр тәлкегіне ұшырады» - Мемлекет басшысы майдангер әкесі туралы (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, оның әкесі басқа майдангерлер сияқты соғыс жайлы, ерліктер мен марапаттар туралы сөйлескенді ұнатпайтын.

Семейлік жауынгердің сүйегі 76 жылдан соң елге қайтарылды

Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, із-түссіз жоғалған сарбаз жайлы ақпаратты туыстары 7 жыл бойы іздеген екен. Нәтижесінде, оның сүйегі Ресейдің Калинин облысы, Старицкий ауданы, Лебедево ауылында жерленгені анықталды.

Павлодарда қоқыс жәшігінен ардагерлердің 15 медалі табылды

Павлодарда сауда үйінің қоқыс жәшігінен ардагердің төсбелгілері табылды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

28 сәуір күні «Тұлпар» СҮ-нің дала сыпырушысы қоқыс жәшігінен біртүрлі қалта тауып алып, оны сауда үйінің техникалық  қызметкерлер бойынша ауысым маманы Әлия Сәлімбаеваға берген.

«Медальдар файлдың ішінде болды. Мүмкін оларды қолды еткен адам сата алмай құтылудың амалын іздеп, осында тастай салған болар. Бақылау камералары сол жерде орналаспағандықтан, бағалы заттарды кім тастағанын көре алмадық. Төсбелгілердің иесін немесе оның жақындарын тапқымыз келеді. Мен әлеуметтік желілерде хабарлама бергенмін, бірақ жауап жоқ. Сондықтан жақын арада оларды құқық қорғау органдарына тапсырамын»,- деді Әлия Сәлімбаева.

Сауда үйі қызметкерінің айтуынша, файлдың ішінде 15  медаль болған. Олардың кейбіреуі бірнеше данадан. Төсбелгілер бірнеше ардагерге тиесілі болуы мүмкін.

Елбасы күні қарсаңында қызылордалық ардагерлерге арақ сыйға тартылды

Иә, Қызылорда қалалық әкімдігі ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында қаладағы ардагерлерге арақ-шарап сыйға тартты. Оны әлеуметтік желілерде жүрген мына сурет дәлелдеп отыр.

Отан үшін от кешкен

Адамзат тарихында жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биігі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға биыл 70 жыл. Ұлы Отан соғысының жеңімпаздары туралы сөз еткенде қазақстандық ғалымдардың ерлігі туралы да айтпай кету мүмкін емес. Қан майданның алдыңғы шебінде өлімге бас тігіп, ерлік көрсетсе, соғыстан кейінгі жылдары отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып, мемлекетіміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен жанның бірі – Абдулла Арипов.

Қарекеңнің қарымды тұлғасы

Жеңіс жалауының желбіреуіне 70 жыл толды. Отан үшін отқа күйген ата-әжелеріміздің ерен ерліктері, табанды еңбектері тарих қойнауынан лайықты орнын тауып, ұрпаққа мирас боп сақталуда. Соғыс майданына аттанып, жанын пида еткен батырларымыздың асыл бейнелері халық жүрегінен мәңгілік өшпейді. Себебі, олардың өнегелі өмірі ұрпаққа үлгі болып қала береді.

ОҚО-да екі мектепке ҰОС ардагерлерінің есімі берілді

Жеңіс күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында екі мектепке Ұлы Отан соғысына қатысып, болашақ ұрпағына бейбіт күнді сыйлаған ардагерлердің есімі берілді.

Кемербастау ауылындағы жақында салынған жаңа мектеп енді Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовтың атымен аталатын болды. Ал Абайыл стансасындағы бастауыш мектепке осы оқу ошағында 40 жыл ұстаздық еткен Нұрлыбай Қасымбековтің есімі берілді.

Тау бөктерлей орналасқан Кемербастау ауылындағы мектепте 300-ге тарта бала оқиды. Білім ошағына батыр есімін беру туралы біраз уақыттан бері айтылып келген екен. Ауыл азаматтары хат жазып, ауданға, онамастикалық комиссияға жіберіпті. 27 сәуір күні Үкіметтің қаулысы шыққан.

Қайрат Әбдуәлиев, Түлкібас ауданының әкімі:

- Жаңа мектеп, заманауи мектепке батыр атамыздың аты берілгеніне қуаныштымыз. Өйткені келешек ұрпаққа, жастар тәрбиесіне, патриоттық сезімді орнықты етуіне сеніміміз мол.

Мектеп алдына батырдың бюсті орнатылып, ресми түрде ашылды. Ал Абайылдағы бастауыш мектепте соғыстан оралған соң сабақ беруді бастаған Нұрлыбай Қасымбеков, тапжылмай сол мектепті 40 жыл басқарған. Жұбайы Болай да осында ұстаздық еткен.

Мархабат Байғұт, жазушы:

- Бауыржан Момышұлының қарамағында болған, соғысқан. Нұрлыбай мен Болайдың осы мектепте болашақ ұрпақты тәрбиелегені бір төбе, одан кейін екеуінің аты-жөні осы ауданға, аймаққа, облысқа үлгі-өнеге болған ғой.

Нұрлыбай Қасымбеков Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы білім беру ісінің үздігі. Оның білім беру әдістері өзге мектептерге таратылып тұрған. 10 ұл-қызының барлығы да жоғары білімді.

Жақсыбай Қасымбек, Н.Қасымбековтің ұлы, техника ғылымдарының докторы:

- Мұғалімнің баласы болу, мен сізге айтайын, оңай емес, қиын. Ол әкеге байланысты. Біздің әкеміз өте қатал талап қоятын, өзіне де, өзгеге де, өзінің балаларына да, оқушыларына да бірдей талап қоятын. Бізді балам деп ешқашан жеңілдік жасамаған.

Мектеп ұжымы болса, ардагердің аты берілгені жауапкершілік жүктейтінін айтады. 

 

24kz